Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өсім сақталуда – АШМ

Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өсім сақталуда – АШМ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылғы негізгі нәтижелері туралы баяндама жасады

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы да АӨК-де тұрақты өсім сақталды.

2020 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі бір жылда 5,6%-ға артып, 6,3 трлн. теңгені құрады.

Негізгі өсім – өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7,8%-ға, яғни 3,6 трлн. теңгеге дейін ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

Еліміздің 5 облысы: Қостанай (шамамен 121%), Ақмола (шамамен 113%), Павлодар (107,5%), Ақтөбе (106,7%) және Қарағанды (105,7%) жоғары өсу қарқынын көрсетті.

Мал шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3%-ға артып, 2,6 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте тірі салмақта ет өндіру көлемі 4,1%-ға, сүт өндіру көлемі 3,2%-ға өскені байқалады.

Шикізатты қайта өңдеу саласы да оң динамиканы көрсетті. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 2020 жылдың 12 айында 4%-ға өсіп, 1,9 трлн. теңгені құрады.

Сары майды 26,5%-ға, өңделген күріш – 20,1%-ға, шұжық өнімдері – 8,2%-ға, макарон өнімдері – 6,3%-ға, өңделген сүт – 4,9%-ға, сүт өнімдері – 4,8%-ға, ірімшік және сүзбе – 4,5%-ға, ұн – 1,6%-ға артық өндіріле бастады.

2020 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 15%-ға ұлғайып, 573,2 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 13,5%-ға артып, 104 млрд теңгеге жетті.

«АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсуі негізінен фермерлердің үйлесімді жұмысының және Үкіметтің Covid-19 пандемиясы жағдайында егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің кедергісіз қозғалысын, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, тұқымдар, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жедел жеткізуді қамтыған жұмыс алгоритмін уақтылы қабылдауының арқасында қамтамасыз етілді. Нәтижесінде егіс сапалы және оңтайлы аграрлық мерзімде жүргізілді», - деп атап өтті С.Омаров.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив