Сот шешімінің заңды күшіне енуі

Сот шешімінің заңды күшіне енуі

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (АПК) 21-бабына сәйкес, бірінші сатыдағы сот азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары нысанында қабылдайды.

 Заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.

Сондай-ақ, сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.

Сот шешімі - істі мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы соттың сот актісі. Сот шешімі іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылады. Алайда, түпкілікті нысандағы шешім шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындалады

Сот шешімінің заңды күші мемлекеттің, ұйымдардың, азаматтырдың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың конструктивті механизмі болып табылады. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, оған шағым жасалмаса немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді. Ал, жарияланған күнінен бастап күшіне енетін сот шешімдерінің қатарына:

  • қаржы ұйымдарын, банк конгломератына бас ұйым түрінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргiзу туралы сот шешiмі;
  • азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы соттың шешімі;
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы;
  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бір тарапы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайтын шешімдер жатады.

 Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер бойынша АПК-ке байланысты қысқаша шешім шығарылады. Жауапкер қысқаша шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған жағдайда, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда арыз бере алады.

Тараптар апелляциялық шағымды, прокурор өтінішхаты,  шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде бере алады.

Апелляциялық шағым берілген немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген кезде шешім, егер оның күші жойылмаса немесе ол өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы сот қаулысы жария етілген уақыттан бастап заңды күшіне енеді.

Шешімнің заңды күшіне енуінің маңыздылығы, ол шешімнің дәлділігінің, міндеттілігінің және орындалуының кепілі.

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық

сотының бас маманы - сот

отырысының хатшысы Ә.Ж.Жанат

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 5

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив