Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу әлеуетін кеңейтеді

Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу әлеуетін кеңейтеді

Қытайдың үкіметі Шығыс Қазақстан облысының сапа инспекциясының зертханасына құны 11,15 млн юань болатын жабдықты тапсырады. Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтың арқасында мүмкін болып отыр.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында тиісті келісімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо қол қойды.

ҚХР стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана құру Қытайға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді. Бұдан басқа, Қазақстан терең қайта өңдеу тауарларын, жемшөп пен қоспаларын, ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүдделі.

Айта кетейік, 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, АӨК саласындағы Қазақстан-Қытай тауар айналымы 46,7% артып, 412,5 млн долларды құрады.

Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 62,2% - 280,4 млн долларға дейін өсті. Қытайдан импорт 22,2% ұлғайып, 132,1 млн долларды құрады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив