Астанада үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі жаңартылды

Астанада үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі жаңартылды

Астанада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.

Сіздің қаражатыңыздың сақталуы үшін Астана қаласының әкімдігі абай болуды ескертеді және рұқсат құжаттары жоқ (құрылысқа рұқсат, «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК оң қорытындысы) тұрғын үйлердің пәтерін сатып алуды кеңес етпейді.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Барлық сұрақ бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге хабарласуыңыз қажет. Байланыс телефондары: 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03.

Нысандар тізімін мына жерден көруге болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив