«Ашық сағат алаңы»: «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңдағы өзгерістер талқыланды

«Ашық сағат алаңы»: «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңдағы өзгерістер талқыланды

ҚР ИИДМ-ның «Ашық сағат алаңында» тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы заңнаманы жетілдіруді талқылауға арналған жиын өтті. Бейнебайланыс режимінде ұйымдастырылған басқосуға министрлік өкілдері мен «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ және құрылыс компанияларының басшылары қатысты.

Жиында ИИДМ мен «ҚТК» АҚ өкілдері аталған заңнамадағы бірқатар түзетулерді көпшілік назарына ұсынды. Бұл өзгерістер құрылыс салушылар үшін үлестік қатысудың тартымдылығын арттыруға бағытталған.

ҚР ИИДМ Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясаты департаментінің директоры Руслан Лепесовтің айтуынша, бүгінде көптеген құрылыс салушы компаниялар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды өрескел бұзып, құрылыс жүргізу барысында халықтың қаражатын пайдалануды әдетке айналдырған. Бұл өз кезегінде құрылыс нысандарының уақтылы аяқталмауына және мердігер компаниялардың көпшілік алдындағы міндеттемелерін дер кезінде орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

Ал «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов тұрғын үй құрылысы нарығын демонополизациялау және аталған нарыққа қатысушылар үшін түрлі тосқауылдарды азайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар турасында айтты.

Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу кезінде «Бірыңғай оператордың кепілдемесін алған («ҚТК»)» құрылыс компанияларына талап етілетін құжаттар тізімін азайту ұсынылып отыр. Сонымен қатар олардың мегаполистер мен өзге аймақтарда салған құрылыс нысандарының аумағы мен осы саладағы тәжірибесі бойынша шекті талаптар азайту көзделген.

Мәселен, «Екінші деңгейлі банк жобасына қатысу тәсілімен» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ұйымдастырылған жағдайда немесе көппәтерлі үй қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескер ақшасын тартуға қатысты жергілікті атқарушы органның рұқсат беру процесін енгізу қарастырылып отыр.

Ал «Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде мердігер компаниялардың саладағы жиынтық тәжірибесін 5 жылдан 3 жылға дейін төмендету, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында салған көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы аумағын 60 мың шаршы метрден 30 мың шаршы метрге, ал аймақтар үшін 30 мың шаршы метрден 18 мың шаршы метрге дейін азайту ұсынылған.  

Айтылған ұсыныстар бизнес қауымдастық тарапынан қолдау тапты.

Сондай-ақ жиында үлескерлік құрылыс саласындағы өзге де мәселелерге назар аударылды.

Басқосу соңында қарастырылған мәселелер мен ұсыныстар бойынша шешім қабылданып, тараптар жуырда осыған орай арнайы талқылау өткізуге уағдаласты.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив