Заңға енгізілген түзетулер жолаушылар ағыны жылына 200 мыңнан кем өңірлік әуежайларды субсидиялауға мүмкіндік береді

Заңға енгізілген түзетулер жолаушылар ағыны жылына 200 мыңнан кем өңірлік әуежайларды субсидиялауға мүмкіндік береді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтепов «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында аймақтық әуежайларды субсидиялау мәселесіне арналған жиын өткізді. Бейнебайланыс форматында ұйымдастырылған басқосуға Қазақстанның азаматтық авиация Қауымдастығы, өңірлік әкімдіктер, әуежайлар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Жиын барысында ҚР ИИДМ бастамасымен аймақтық әуежайларды қаржылай қолдау бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты екшеліп, осы тараптағы ұсыныстар ортаға салынды.

Ардақ Өтеповтің айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына өзгерістер Үкіметте мақұлданып, ол Парламент Мәжілісінің қарауына жолданды. Аталған өзгерістер операциялық шығындарды жабуға кіріс деңгейі жетпейтін жергілікті әуежайларды субсидиялау механизмін қарастырады.

Бұл өзгерістер енгізілгеннен кейін жылдық жолаушылар ағыны 200 мыңнан төмен коммуналдық меншіктегі әуежайлар субсидияланбақ.

 «Бүгінгі таңда еліміздегі көптеген жергілікті әуежайлар қаржылық қиындықтарға тап болуда. Бұл өз кезегінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететіні белгілі. Себебі, қаржының жеткіліксіздігі тиісті техникалық жаңалау жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіреді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында осы тараптағы заңға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Жуық арада аталған өзгерістер Заңға енгізіледі деп күтілуде. Осыған орай әуежайларды субсидиялаудың жаңа ережесі бекітілмек. Бұл орайда, әуежай, Азаматтық авиация қауымдастығы мен «Атамекен» ҰКП өкілдерімен талқылаулар өткізу үлкен маңызға ие», – деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ ол әуежайларды субсидиялау шарасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасында да қарастырылғанын айтты.

 «Ел аймақтарын экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларын кешенді қолдаудың арқасында ондағы әуежайлардың инфрақұрылымы мен адами ресурстарын жаңғыртуға да мүмкіндік тумақ. Бұл – жолаушылар мен жүк тасымалына оң әсер етіп, тың серпін бермек», – деді Ардақ Өтепов.

Басқосу барысында қатысушылар заң жобасы мен өңірлердегі әуежайларды субсидиялау тетігін одан әрмен жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1661316347 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив