ҚРКФ және HAK-IS әлеуметтік әділеттілік қағидаларын бірлесіп алға бастыратын болады

ҚРКФ және HAK-IS әлеуметтік әділеттілік қағидаларын бірлесіп алға бастыратын болады

         Анкарада Төраға Сатыбалды Дәулеталин бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы делегациясының жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен HAK-IS (Түркия Республикасы) Кәсіподақтар конфедерациясы арасында  ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа Қазақстан мен Түркияның екі ірі кәсіподақтар бірлестігінің жетекшілері – ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен HAK-IS Кәсіподақтар конфедерациясының президенті Махмуд Арслан қол қойды.

Құжатқа сәйкес, тараптар лайықты еңбек пен әлеуметтік әділеттілікті алға бастыру қағидаларын бірлесіп жүзеге асыруға келісті.

          Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин түрік әріптестерін Кәсіподақтар федерациясы қызметінің негізгі бағыттарымен, атап айтқанда, ҚРКФ Бас кеңесі жариялаған Әлеуметтік әріптестік жылы аясында әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайту және дамытуға негізделген әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешу іс-шараларымен таныстырды. Ол Қазақстан мен Түркия кәсіподақтарының республикалық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан кәсіподақтары үшін халықтарымыздың ортақ тамыры мен ортақ тарихы маңызды. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалай отырып, Кәсіподақтар федерациясы олардың одан әрі қарқынды дамуына үлес қосуға ниетті. Түрік кәсіподақтарымен екіжақты ынтымақтастық орнату Қазақстан халқына тән «халық дипломатиясының» элементі болып табылады. Түркия – Қазақстанның саяси және экономикалық саладағы сенімді серіктестерінің бірі. Қазақстан кәсіподақтары қос мемлекет еңбеккерлерінің игілігі үшін түрік кәсіподақтарымен бауырластық пен ынтымақтастықты нығайтуға атсалысады», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

          Өз тарапынан HAK-IS Кәсіподақтар конфедерациясының президенті Махмуд Арслан түрік кәсіподақтары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына мүшелікті қалпына келтіру жөніндегі ниетін қолдайтынына сендірді.

Екі ұлттық кәсіподақтар орталығының жетекшілері кәсіподақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, түрік тарапы түркітілдес елдер кәсіподақтарының бірлестігін құру мәселесін қарауға шығарды. Тараптар бұл бастаманы егжей-тегжейлі талқылауға келісті.

Қазақстандық және түрік кәсіподақтарының өзара іс-әрекетін одан әрі  дамыту HAK-IS вице-президенті, металлургтер салалық кәсіподағының президенті Юнус Дегирменчимен, денсаулық сақтау салалық кәсіподағының президенті Девлет Сертпен, ESDER қолөнершілер қауымдастығының басшысы Mahmut Celikus және Анкараның Кесионер ауданының мэрі Тургут  Алтинокпен кездесулер аясында жалғасты.

            Еске салайық, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы жұмыс сапарымен Анкарада жүр. Сапар аясында қазақстандық делегацияның TÜRK-İŞ Конфедерациясының басшылығымен келіссөздері жоспарланған.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

 

 

          

           

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив