ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІ
Кәсіподақтар федерациясы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына елдің сайлау заңнамасының барлық нормаларының сақталуын бақылаушы ретінде қатысуға ниет білдірді.
Брифинг барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының мәлімдемесін Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев жариялады.
Келер жылдың қаңтарында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасындағы ең ірі қоғамдық бірлестік ретінде Кәсіподақтар Федерациясы маңызды ішкі саяси процестерден тыс қала алмайды.
Сондықтан Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына елдің сайлау заңнамасының барлық нормаларының сақталуын бақылаушы ретінде қатысуға ниетті.
Егер биліктің заң шығарушы тармағына жан-тәнімен Еңбек адамының мүдделерін алға тартатын адамдар кіретін болса, жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған біздің ортақ күш-жігеріміз жаңа серпін алады!
Сонымен бірге біздің әлеуметтік әріптестерімізбен ынтымақтастыққа негізделген бірлескен жұмыс қана қоғамның негізгі демократиялық құндылықтарын сақтауда айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Бірлік, әділеттілік, даму - бұл Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы қызметінің басты қағидаттары.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы
[xfvalue_img]