ҚР Кәсіподақтар федерациясы Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының құрамына кіру туралы шешім қабылдады

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының құрамына кіру туралы шешім қабылдады

 

ҚРКФ Атқару комитеті ҚР Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ)   Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының (ЖКК) құрамына кіруі туралы мәселені қарастырды.

Қазақстандағы карантиндік шараларға байланысты Атқару комитетінің күн тәртібін қарау және дауыс беру сауалнама жолымен болды.

Дауыс беру нәтижелері бойынша ҚРКФ Атқару комитетінің мүшелері Кәсіподақтар федерациясының ЖКК құрамына кіруі туралы шешімді бірауыздан қабылдады.

Қабылданған шешімнің келісілгенін атап өткен ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин дүние жүзі бойынша экономикалық өсім қарқынының лезде төмендеуі және еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалуының әлсіреуі жағдайында кәсіподақтардың халықаралық әріптестермен қарым-қатынасын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

 «Бүгінде дүниежүзілік кәсіподақтардың алдында тиімді өзара байланыссыз шешу мүмкін болмайтын күрделі міндеттер тұр. Осы ретте Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы қолдау мен ынтымақтастық, әріптестік, тәжірибе алмасу акцияларын ұйымдастыру үшін елеулі әлеуетке ие. Біз еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін жан-жақты қорғау үшін күш біріктіру арқылы дағдарысты бірлесіп еңсеретіндігімізге сенімдіміз, - деп атап өтті ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

ҚРКФ Атқару комитетінің мүшелері Кәсіподақтар федерациясының ЖКК кіруі еліміздегі кәсіподақтар қозғалысының ұстанымын халықаралық деңгейде күшейтетіндігі туралы ортақ пікірге келді.

Кіру туралы өтінішпен бірге тиісті үндеу Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясына жіберілді.

 

Анықтама үшін:  Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы – тәуелсіз мемлекеттер кәсіподақтары бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың халықаралық салалық бірлестіктерімен ерікті негізде құрылған халықаралық кәсіподақтар бірлестіктері. 1992 жылғы 16 сәуірде құрылды.

ЖКК ТМД елдері мен ЖКК мүшелері бар өзге де шетелдік мемлекеттерде еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек, кәсіби, экономикалық және өзге де заңды құқықтарын, кәсіптік одақтар қызметінің құқықтары мен кепілдерін қорғау, халықаралық кәсіподақтар ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесу бойынша ЖКК мүшелерінің іс-қимылдарын біріктіру мақсатында құрылды.

ЖКК құрамына 10 ұлттық кәсіподақтар орталығы мен 26 кәсіподақтардың халықаралық салалық бірлестіктері кіреді.

Бірлестік ТМД, ЕврАзЭҚ өз мүшелерінің мүдделерін көрсетеді, ХЕҰ мен БҰҰ тұрақты консультативтік статусы бар.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Біріккен  Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті жанында тұрақты статусы бар аймақтық үкіметтік емес ұйым ретінде ЖКК БҰҰ әлемдік саясатта нақты әлеуметтік өзгерістердің қалыптасуына деген бағдарын қолдайды және оның осы бағыттағы бастамаларын насихаттайды, 2030 жылға дейін тұрақты даму мүддесіндегі Күн тәртібін жүзеге асыруға өз үлесін қосады.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.