Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер

         Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік Рәміздерін бекітті.

         Мемлекеттік рәміз - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері.

         Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеу парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады.

         ҚР Негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – Елтаңба. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекттік  гербінің негізі-шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ- мемлекеттің түп-негізі-отбасының бейнесі. Шаңырақ - Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін  үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа  ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңестікті білдіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді.

         ҚР Негізгі мемлекеттік негізгі рәміздерінің  бірі – Ту. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай  көк-көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының  бірлік, ынтымақ жолына адалдығын  аңғартады. 

         ҚР Негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – Әнұран. Әнұран-халық  жүрегінің лүпілін түйген музыкалық сәлемхат тәрізді. Рух көтеру, елбасын қосу қажет болғанда барша жұрт қасиет тұтатын аруақты көсем  атақта батыр атын атап ұран салған. Әнұран тек әуен емес, оның өлеңі де қасиетті. Әнұран білу қазақ халқының басты міндеті.

         Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз керек.Әрбір азамат Қазастанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын  тұмардай  қасиет  тұтуы қажет.

 

О.Кулбатырова

Мұғалжар аудандық сотының

Сот отырысының хатшысы                                         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив