Мемлекеттік рәміздер біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі

Мемлекеттік рәміздер біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Бұл мерекенің жөні ерекше. Себебі, әр азаматтың жүрегінде өз Отанына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін оятуда мемлекеттік рәміздердің маңызы аса зор. 

 Еліміз 1991 жылы толық тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, тәуелсіз Қазақстанның рәміздерін жасау, оны халық талқысына салып, арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның сараптамасынан өткізу ең жоғары маңызды міндет болды. «Туымыздың түсі қандай болады?», «Елтаңбамыздың ерекшелігі неден байқалады?», «Әнұранымыз ұлттық рух беріп тұра ма?» деген сұрақтар  бәрімізді толғандырды.

Кешегі кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстанның туы, елтаңбасы, әнұраны болды. Бірақ бұл толық дербестігімізге, егемендігімізге кепілдік бере алған жоқ. Есімізге салсақ,  ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының да өз байрағы, байтағы, шекарасы болған. Яғни, әр мемлекетте өзіне тән рәміздері болуы қажет.  Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Көк аспан түсті туымыз, айбынды Елтаңбамыз, асқақ Әнұранымыз – баға жетпес құндылықтарымыз.  Осы құндылықтарға деген қарапайым халықтың құрметін қалыптастыру, жас ұрпақтың санасына Отаншылдық сезімді сіңіру, патриоттық аңсарды тәрбиелеу – басты мақсатымыз, болуы керек. Осыған орай, елімізде тәлімдік, тәрбиелік, үгіт-насихат жұмыстары балабақша баспалдағынан басталып жатқаны бірімізге мәлім.

  Композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін кеудеміз намысқа тола, үлкен патриоттық сезіммен 2006 жылға дейін шырқаған едік.  Бәрімізге белгілі 2006 жылы Мемлекеттік Гимнімізді қайта жаңартып қабылдадық. Әні Шәмші Қалдаяқовтың, сөз мәтіні Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлығымен шыққан жаңа Мемлекеттік Гимн – қазақ еліміздің рухын асқақтатты, намыстың дастаны болды. Осы ән ұранын шырқағанда әр қазақтың кеудесінде патриоттық сезім ойнайды. Әсәресе, әнұранамыз ойнағанда, кіп-кішкентай бүлдіршіндеріміз, ойындарып тастай сала, орындарынан атып тұрып, жүрек тұстарына нәп-нәзік қолдарын қойып, «Алтын күн аспаны, алтын дән даласы» деп  былдырлаған дауыстарымен шырқай жөнелгенде қандай сезімде болатынымызды айтып жеткізу мүмкін емес.

Ал Туымызға деген құрмет ерекше. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

  Біздің Мемлекеттік туымызға ұқсайтын басқа елдердің туының жоқтығы – Қазақстанның тағы да бір ерекшелігі.

 Жер шарының қай түкпірінде де болмасын, әр елден келіп қатысқан жиындарда, өз елдерінің тулары қатар-қатар тізіліп тұрса ғана мәжілістің шырайы еніп, жоғары деңгейдегі ресми сипат алады. Осындай жағдайда, еліміздің көк байрағы ерекше желбіреп тұрғанын көргенде, қазақ мемлекетінің әлемдік қауымдастықта ерекше орны бар екендігіне көзіміз жетеді. Көп тудың арасында,  ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті байрағымызды айнымай танитыны бәрімізге мәлім.  

Астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының қақ ортасында биіктігі 115 метрлік (матасының ұзындығы 30 метр, ені 15 метр) көк туымыз желбіреп тұр. Бұл туымызға айырықша құрметтің белгісі. Дәл осындай тудың  орнатылуы,  өсіп келе жатқан ұрпақта патриоттық сезім, отанға деген махаббатын ояту, оны сүю, мақтаныш тұту сезімдерін оятуға себеп болары сөзсіз. Осыған бір дәлел, 3 жастағы баламызға, туды көрсетіп: «Мынау кімнің туы дегенімізде - «Бұл менің туым» - деп жауап беруі.

           Ал республикамыздың елтаңбасына келетін болсақ, оны орны ерекше бөлек. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Елтаңбадағы белгілер, ата салт-дәстүрлерімізбен сабақтастырылған. Бұл да біздің мемлекетіміздің, ұлтымыздың айрықша белгілерін көрсетіп, жастарымыздың сана-сезімін, қазақ елінің дәстүрін, тарихын ұмыттырмауға үлкен үлесін қосып тұр десек болады.

 Жер шарының қай түкпірінен оралсақта, алдымыздан мемлекет таңбаларын көргенде өз еліңе сағынышыңды сезіп, ерекше ыстық сезімге бөлінесің.    

Мереке қарсаңында, осындай ерекше сезімге бөлейтін қасиеті бар мемлекеттік рәміздеріміз туралы біліп жүргеніміз дұрыс болар. Әр қашан мақтан тұтайық, оны құрметтеуде әр қазақ  шынайы үлгі болайық, ғасырлар бойы қалыптасқан  дәстүрлер тағылымдары деп таниық. 

 

Багдагүл Бияхметова

Алматы аудандық сотының судьясы                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Agustin 28 октября 2023 15:37

    I don't know if it's just me or if everyone else experiencing problems with
    your site. It looks like some of the text on your content are running off the screen. Can someone else please provide feedback and let me know if this is happening to
    them as well? This could be a problem with my internet browser because I've had this happen previously.
    Thank you

    My blog post zakup promethazine online we Wrocławiu

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив