«AQMOLA - ADALDYQ ALAŃY» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ 2020 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ АТАНДЫ

«AQMOLA - ADALDYQ ALAŃY» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ 2020 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ АТАНДЫ

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің Атбасар аудандық соты кеңсесінің бас маман-сот отырысының хатшысы, сонымен бірге «Aqmola - Adaldyq Alańy» жобалық кеңсесінің менеджері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өңірлік Ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Алмас Еркибаев «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпаздарының бірі атанды.

 

Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған конкурс үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы жылы байқауға Қазақстанның әр өңірінен 761 мемлекеттік қызметші қатысты.

 

Алмас Еркибаев 2015 жылы еңбек жолын сот жүйесінде бастады. Алмас мемлекеттік қызмет өтілі 3 жылды құрайтын кәсіби қызметінің осындай қысқа мерзім ішінде өзін елдің парасатты, адал, отаншыл азамат ретінде көрсетті.

 

Қоғамдық түрлі іс-шараларға белсенді қатыса отырып, бірнеше марапат және көтермелеу алды, олардың арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, облыстық Соттың төрағаларынының алғыс хаттары, Ақмола облысы әкімінің атынан «Үздік жас мемлекеттік қызметші» дипломы.

 

Қызмет өткеру кезеңінде тренингтерге, форумдарға, семинарларға, конференцияларға, ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары мен кездесулерге бірнеше рет қатысты, оның ішінде «Аdaldyq alańy» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен конференцияның, сондай-ақ, 2019 жылы Transparency Kazakhstan Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінде оқыту тренингінің тыңдаушысы болды.

 

Сонымен қатар, «жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» БАҚ-та мақалалар жариялау, әлеуметтік желілердегі посттар жазу, тікелей эфир өткізу арқылы ақпараттық-насихаттау және құқықтық жұмыстарды өзі жүргізеді.

 

Алмас Еркибаев «Aqmola - Adaldyq Alańy» өңірлік жобалық кеңсесінің еріктісі бола отырып, түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтардың 1000-ға жуық өтініштерін жеке өзі шешті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив