Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу болып табылады. Өйткені, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік - экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежеп, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарының дамуына кері әсерін тигізетіні айдан анық.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басым бағыттарының бірі - сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2014 жылғы өкімімен, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінде дербес құрылымдық бөлімше, яғни Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды.

Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен оның аумақтық бөлімшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы белгіленген міндеттерді орындауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп отырады.

Мысалы, осындай профилактикалық іс-шаралардың бірі судьялар мен сот қызметкерлері арасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының және прокуратура органдарының қатысуымен, «Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында өткізілетін семинарларды атап өтуге болады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық элементтеріне қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері туындаған кезде азаматтардың жүгінуіне мүмкіндік беру мақсатында, бөлім басшысы апта сайын азаматтарды қабылдауын іске асырады.

Бұдан басқа, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық факторларының алдын алу және шұғыл шара қабылдау мақсатында, «Сенім телефоны» бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде ден қою, судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің тарапынан құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды алу үшін қосымша жағдайларды қамтиды. Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында, ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесінің қызметкерлерімен, сондай-ақ жұртшылықпен жұмыс істеуді көздейді. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоспарлы түрде алдын алуды және мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлықтық деңгейін бағалау кезіндегі нольдік көрсеткішке қол жеткізуді мақсат етеді.

Тағы да атап өтетін жайт, ағымдағы жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласы соттарының Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт» бекітілді.

Аталған стандартта, сот жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңы», сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп қағидалары» Кодексінің талаптарын сақтап, бұзбау қажет екендігі аталып өтілді.

Мемлекеттік қызметші жоғарыда аталған заң талаптарын сақтап қоймай, сыбайлас жемқорлықтан алшақ болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлықтың мән-мағынасына қысқаша тоқталып өтсек, «коррупция» термині бұл латын тіліндегі «corrumpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін - өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін өз мақсатында пайдалануы болып табылады. Негізінде бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.К. Тоқаев - сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті.  Осы себепті, қоғамның қабілеттілігі мен белсенділігі, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмауы жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – бәріміздің ортақ азаматтық борышымыз болып саналады.

 

 Нұрперзент Байсеитов 

Ішкі қауіпсіздік бөлімі

басшысының м.а.                                                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив