Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын, демократиялық, саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізетінін, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіретіні баршамызға мәлім. Еліміз тәуелсіздікті алған күннен бастап жүйелі және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді.

         Осы мақсатта елімізде 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңы қабылданды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрініс тапты және Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа басымдықтары белгіленді.

    Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған,  жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі аса маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі қалыптасып, қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс орнаған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

                 

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы

сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу

бөлімінің бас маманы                                                                 

С.Әсілбеков

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив