Тату тіршілік – тұрмыстың көркі

Тату тіршілік – тұрмыстың көркі

Кез келген қоғамның саяси тұрақтылығы ме әлеуметтік әл-қауқары – тұрмыстық өмірден, отбасылық дамудан айқын байқалады. Өркениетті өмір салтына қарыштап қадам басып, ұлттық озық әдет-ғұрпымен өнеге көрсеткен қазіргі қазақ қоғамның негізгі құндылықтарының бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Аталған аса маңызды мәселе – Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық сауықтыруы (профилактикасы) – тұрмыстық зорлық-зомбылық сауықтыруы (профилактикасы) субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені болып белгіленді.

Демек, бұл орайдағы негізгі мақсат – тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша тиімді, кешенді тетіктер әзірленіп, осы арқылы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтар санын мейлінше төмендету. Дей тұрғанымен, күнделікті өмірдің өзіндік табиғи заңдылықтары да бар. Мысалы, Ақжайық аудандық сотының нақты деректері бойынша, 2019 жылдың төрт айы аралығында ӘҚБтК-нің 461 бабымен (Қорғау нұсқамасын бұзу) бір әкімшілік іс түсіп, әкімшілік жаза ретінде ескерту берілсе; екі әкімшілік іс бойынша, бір адам – қамаққа алынып, екншісі іс – әкімшілік істің оқиғасы болмауына байланысты тоқтатылды. Бұл статистикалық деректер де, жалпы еліміз көлеміндегі тұрмыстық зорлық–зомбылық оқиғалары да көңіл көншітерлік емес.

Ағымдағы алаңдаушылық уақиғаларды ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық сотының бастамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Осы жұмыс тобының құрамына Әкімшілік және ювеналдық соттарының судьялары, облыстық прокуратураның, полиция департаментінің, облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының, облыстық Білім беру басқармасының, Орал қалалық Ішкі саясат бөлімінің, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясының, Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының, Медиация орталығының, «Ана үйі», Әйелдерге арналған дағдарыс орталығының және басқа да қоғамдық ұйымдарының өкілдері енгізілді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың пайда болуы мен өршуінің себеп-салдарлары саналуан. Отбасындағы әлеуметтік қиыншылықтар, қаржы мен заттардың жетіспеушілігі, қиын да қолайсыз материалдық жағдайлармен қатар, отбасындағы тәлім-тәрбиенің аздығы, мейірім мен қайырымның кемдігі, теріс (ауыр) психологиялық климат, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластықтың жоқтығы, мүдделердің еленбеуі, ар мен беделдің аяқасты болуы, ерлі-зайыптылардың қызғанышты өрбітуі, ұрыс-керістің көбеюі – отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайнар көзі болып табылады. Осындай орасан келеңсіздіктер отбасының берекесін қашырып, неке қатынастарының әлсіздігіне әкеліп соғады. Тұрмыстық теңсіздіктің ең көп құрбаны – табиғаты нәзік, болмысы жұмсақ әйелдер болады.

Атамыз қазақ әйел баласының ыстық мейіріміне тәнтілікпен Күннің шуағына теңеген және әйелді қашанда сыйлап, құрметеп-дәріптеген. Еркекті – ер мәртебесіне биіктететін әйел – қылықты қыз, асыл әпке-қарындас, аяулы жар, ардақты ана, ұрпақ жалғастырушы дәнекер. Ендеше, отбасын айрандай ұйытып отыратын нәзік жандарды қорғаудың орнына қорлау, зорлық-зомбылық жасау – ұлтымыздың болмыс-мінезі де емес, әдет-ғұрпына да мүлдем жат.

Заң және ереже-тәртіптермен бірге, Елбасының «Ұлт жоспары: бес институционалдық реформаны» жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасын, соның ішінде, құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылық фактілеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында елімізде қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан шаралар баршылық. Демек, тату тіршіліктің – тұрмыстың көркі екендігін ескеріп, еліміздегі отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы істер санын азайту және оны болдырмауда «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып», бірлескен әрекет, бірлікті қарекет жасасақ, әр қазақтың от басы, ошақ қасында жылулық, жақсылық, сыйластық, бақыт, бірлік, береке орнайтын болады.

 

Ә.НҰРҒАЛИЕВ,

Ақжайық аудандық сотының төрағасы,

Батыс Қазақстан облысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив