Сотта отбасы дауларын және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сотта отбасы дауларын және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында отбасылық даулар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті.

Оның жұмысына Орал қаласының №2 сотының және мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, БҚО бойынша ІІД өкілдері, «Адам құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросы»  ҚБ-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілерді қорғау, кінәлілерді жауапқа тарту және жазасыз қалдырмау мақсатында осы бағыттағы  заңнаманы жетілдіру,  өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады.

Заңмен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік жәрдем және көмекті, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаны қатайтудың құқықтық тетіктері белгіленген.

Іс-шара барысында қатысушылар қылмыстық қол сұғушылықтан әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша қалыптасқан жағдайды шешудің жолдары туралы пікірлерін білдірді. Олар отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және болдырмауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруда пікірлер және тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

 

О.К.Ташимова

Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив