Астанада отбасы даулар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Астанада отбасы даулар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

 

Астана сотында «Отбасы даулар және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлболсын Сүлейменова қатысты. «Дөңгелек үстелдің» қатысушылары – мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың өкілдері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады. Олар «Отбасы соты» жобасы әрекет ететін Алматы ауданы, кәмелетке толмаған істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық және әкімшілік – елорданың үш сотының жұмыс тәжірибесін қарады. Ол отбасыны сақтау, балалардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту үшін қоғамдық, әлеуметтік, құқықтық тетіктерді құруға бағытталған. Баяндамаларында спикерлер «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдардың қабылданғанын атап өтті. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жедел жолын кесу және әлеуетті құрабандар үшін қауіпсіз жағдай құру, оларға қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін көрсету мақсатында әзірленген.

Заңмен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік жәрдем және көмектің, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаны қатайтудың құқықтық тетіктері белгіленген. Елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнаулы бөлімшелер құрылған, зорлық-зомбылық құрбандарына тегін медициналық-әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетілетін, сондай-ақ уақытша баспана қызметтері көрсетілетін дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» ақпараттық-ағартушылық акциялары өткізілуде.

2017 жылдың 10 айы ішінде Астананың соттарына некені бұзу туралы 4085 өтініш түсті, оның 2 796 өтініші қанағаттандырылды. Ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінде 3 968 талап арыз түсті, оның 2 837 – қанағаттандырылды. Некені бұзудың 42 % жағдайында дене және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетілуден байқалатын тұрмыстық зорлық-зомбылық болып табылады. Бұл ретте, әдетте, күш көрсету зорлық-зомбылығы психологиялық зорлық-зомбылықпен қатар көрсетіледі.  Бұл «дөңгелек үстел» қатысушыларына мемлекет, жеке және құқық қорғау органдары қабылдайтын шараларға қарамастан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жасалатын құқық бұзушылықтар саны азаймайтыны туралы қорытынды жасауға себеп береді.

Кездесу барысында сондай-ақ себептерді, осындай жағдайлардың алдын алу және болдырмау үшін уәкілетті органдардың  өзара іс-қимыл жасауы бойынша жұмыс әдістерін анықтай отырып, көрсетілген тақырып бойынша туындайтын мәселелер талқыланды.

Отбасы қатынастарын жақсарту проблемаларын шешудің бір жолы ретінде зорлық-зомбылық көретін отбасылардың мүшелеріне отбасы соттары жанында құрылатын Отбасы орталықтарының базасында тиісті қызметтерді ұсыну болып белгіленген.

Пікірсайыс барысында кездесудің қатысушылары қылмыстық қол сұғушылықтан әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша қалыптасқан жағдайды шешудің жолдары туралы пікірлерін білдірді. Олар отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және болдырмауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруда пікірлер және тәжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті.  

 

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив