Жамбыл облысының полицейлері мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті

Жамбыл облысының полицейлері мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті

Жылдағы дәстүр бойынша 4 маусым күні Жамбыл облысының полицейлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетті. Осыдан 27 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың дәл осы күні алғаш рет Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы, Туы және Гимні бекітілген болатын. Содан бері аталмыш датаны барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді.

Бүгінгі таң облыстың барлық аудандық полиция бөлімдерінде патриоттық рухта басталды.

Облыс орталығындағы Тараз қаласы Полиция басқармасының плацында Жамбыл облысының Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері, Тараз қалалық Полиция басқармасы, 1, 2-полиция бөлімдерінің, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөліністерінің қызметкерлері салтанатты  жиынға сапқа тұрғызылды.

Мемлекеттік рәміздер күні еліміздің басты «әні» - Қазақстан Республикасының  Гимнін орындаумен басталды.

Одан кейін полиция қызметкерлері алдында Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының  кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Семейхан Сексембаев құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара соңында сап түзеген тәртіп сақшылары плацта салтанатты маршпен  жүріп өтті.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив