«Басты құндылық адам құқықтары мен бостандықтары»

«Басты құндылық адам құқықтары мен бостандықтары»

Адам құқықтары мен бостандықтары - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері адам құқықтары мен бостандықтары жатады.

Қазақстандағы адамның құқығы мен бостандығын заңмен бекіту ұлттық және халықаралық бай тәжірибеге сүйене отырып, жүргізілді. Н.Ә. Назарбаев былай деп көрсетеді: «Біз – өзінің жеке тарихы бар еуразиялық елміз. Ол өзіне түрлі өркениет жетістіктерін сіңіреді. Біздің алдымызда не мынау, не басқа деген сұрақ тұрмайтын болады. Біз диалектикалы боламыз және іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген өркениеттің барлық жетістіктерін аламыз». Бұл ереже әлемдік масштабта орын алған адам статусын, оның құқығы мен бостандықтарын биік құндылықтар ретінде заңмен бекіту тәжірибесін шығармашылықпен пайдалануға толығымен қатысты. Бұл тәжірибені үйрену және шығармашылықпен пайдалану үздік актілерді көшіре салуға әкелмейтінін айту керек. Халықаралық тәжірибе – бұл Конституция нормалары, шығармашылығы, ол тиісті елдерде және жалпы дүниежүзінде оларды қолдану мен үздіксіз байланыстан алынған Конституциялық нормалар. Оның үстіне, басқаның тәжірибесін пайдалану, оны шығармашылықпен пайдаланудың ішкі алғы шарттарын жасаумен байланысты процесс. Жаңа мемлекеттік құрылыс бекітілді. Оның негізі – құқықтары мен бостандықтары бар адам болып табылады, оның негізінде адамды биік құндылық ретінде бекіту идеясының алғы шарты жатыр. Әлеуметтік құқықтық мемлекетте жеке басының бостандығы барлығы үшін тең сипатта болады және мемлекеттік-құқықтық құралдармен және нысандармен қорғалады. Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясы орайлас дамуда. Ал олардың құрылымы мен дамуы адам құқығы мен бостандықтарын жүзеге асырудың басты шарты болып табылады. Әлеуметтік құқықтық мемлекет пен адам құқығының өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты бір мақсаты – адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығында айқын көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Яғни Қазақстан Республикасында әркім өзінің құқықтары мен бостандықтары заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы дегенді білдіреді. Барлық жеке тұлғалар өзінің бұзылған немесе талас тудыратын құқықтарын қорғауды өтініп, сотқа жүгінуге бірдей құқылы. Кез келген жеке тұлға сотқа өзі тікелей немесе өзінің өкілі арқылы жүгіне алады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасында сот төрелігін іске асыру қағидалары тұжырымдалған: жеке тұлғаның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі; бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды; сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы.

Сот тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты құралы ретінде қарастырылады.  Көптеген  елдердің  конституциялары сотқа жүгіну құқығын жеке тұлғаның жеке және ажыратылмас құқығы ретінде тұжырымдайды. Ешкім де оның ісін сотта қарау құқығынан ажыратылмайды. Өзінің құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау құқығы жеке тұлғалар мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың кез келген заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағымдану арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы  – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

 

 А.Мұқанов 

Мұғалжар ауданының №2

аудандық сотының төрағасы                                                          

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Kristina 23 сентября 2023 02:33

    Hello There. I found your blog using msn. This is a very well written article.

    I'll be sure to bookmark it and come back to read more of your useful
    info. Thanks for the post. I will definitely comeback.

    Here is my site: Rusty

  2. аватар
    Keeley 9 октября 2023 19:48

    Today, I went to the beachfront with my kids.

    I found a sea shell and gave it to my 4 year old daughter and said "You can hear the ocean if you put this to your ear." She put the shell to her ear and screamed.

    There was a hermit crab inside and it pinched
    her ear. She never wants to go back! LoL I know this is completely off topic but I
    had to tell someone!

    Also visit my page; Online-Kauf von bonamina in Buenos Aires

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив