Қоғамның сот билігіне сенімін ұлғайту –әрбір судьяның міндеті

Қоғамның сот билігіне сенімін ұлғайту –әрбір судьяның міндеті

 

«ХХI ғасырдағы ұлттың дамуының маңызды өлшемі – мінсіз және тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Тәуелсіз және әділетті сот – құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз әлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде  қолайлы инвестициялық ахуалдың да, азаматтардың әл-ауқатының жоғары деңгейінің де, қоғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес.»

                                                                                                                                                                         Н.Назарбаев

1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған  Ата Заңымыздың 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.

Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен  бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін  басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде  бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.

Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың  теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады.

Қазіргі заманда Қазақстан соттарының алдында төмендегідей міндеттер тұр: Біріншіден – заң үстемдігін қамтамасыз ету, бұл міндетті шешуде сот басты рөл атқарады. Екіншісі – судьялардың жауаптылығын күшейту, бұл олардың тәуелсіздігіне қол сұғу деген сөз емес. Үшіншісі – лайықты судьялар корпусын қалыптастыру. Төртіншісі – сот істерін қарау тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Ал бесіншісі – бұл құқықтық ағартушылық мәселесі. Азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларының санын айтарлықтай азайтуға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы міндеттерді атқаруда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше мән берілген. Судьялар корпусы абыройлы, кәсіпқой, руxани бай, тәжірибелі, өз кәсібіне жауапты азаматтар алынуы тиіс екендігі нақтыланды.

Сот жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты – тәуелсіз және сатылмайтын сот билігін қалыптастыру. Бұл жерде судьялардың адалдығы мен біліктілігі, сот төрелігінің әділеттігі мен қолжетімділігі маңызды- деген болатын Еласымыз.

Әрбір қоғам судья ел және қоғам алдындағы өзінің ерекше жауапкершілігін толық көлемде түсінуі қажет. Өз кезегінде сот қауымдастығы еліміздің алдында тұрған құқықтық мемлекет қалыптастыру мақсатына жету жолында бар күш жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмасай бермек.

 

Е.Ибраимов  

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив