«Бақытты отбасы, бақытты қоғам» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Бақытты отбасы, бақытты қоғам» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында психологтар мен сот мамандарының қатысуымен «Бақытты отбасы - бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты - ерлі-зайыптылармен жұмыс жасау техникасын жетілдіру, болашақ ұрпақтың отбасы мен қоғам достастығындағы кәсіби дамуы.

Сот төрайымы Слуканым Кадралиева өз сөзінде «балалардың мүдделерін қорғау, отбасы мен отбасылық құндылықтар институтын нығайту осы салада жұмыс істейтін барлық органдар мен ұйымдардың тұжырымдамалық өзара әрекетінсіз мүмкін емес екенін және осы мақсаттарды тиімді іске асыру бірлескен күш-жігерді қажет етеді және Отбасын сақтау үшін, психологтар сотқа дейінгі іс қарауға қатысу керек, себебі неке бұзу туралы істер балаларға және олардың болашақ көзқарастарына кері әсерін тигізеді»,- деп айтып кетті.

«Ана үйі» қоғамдық бірлестігінің психологы Альфия Науанова атқарылған жұмыс туралы, отбасылық мәселелер бойынша жеке консультациялар санын, баланың тұрғылықты жерін анықтау бойынша сот істеріне қатысу туралы статистиканы жариялады, бұл тәжірибенің «Отбасылық сот» жобасында өте пайдалы болатынын айтып өтті.

Шара  соңында сот төрайымы  Слуканым Кадралиева дөңгелек үстелге қатысушыларды келе жатқан көктем мерекесі - 8 наурыз мейрамымен құттықтап, «Отбасылық сот» жобасын дамытуға зор үлесі қосқандары үшін психологтарға алғыс білдірді.

8 наурыз қарсаңында шараға қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

  

 Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив