Аудандық сот ғимаратында қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі талқыланды

Аудандық сот ғимаратында қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі талқыланды

Мұғалжар  аудандық сотында сот төрағасы мен мамандандырылған күзет қызметі өкілдерінің қатысуымен «Аудандық сот ғимаратының қауіпсіздік шараларын күшейту» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды өткізу мақсаты «Күзет» қызметкерлерімен тығыз байланысты нығайту, сотқа қатысушылардың судьялармен және сот қызметкерлерімен процессуалдық емес байланыстарын болдырмау, өткізу режимін күшейту болып табылады.

Өз сөзінде төраға өткізу режимі бөтен тұлғалардың сот ғимаратына кіруін болдырмау мақсатында белгіленетіндігін ескертті. Келушілерге рұқсатсыз сот ғимаратына, шақырылған тұлғалардан басқа бөгде тұлғалардың кіруін болдырмау, сондай-ақ судьялардың, қызметкерлердің және сотқа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп орнату екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2018 жылғы «6» сәуірдегі № 6001-18-7-6/121 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы «6» сәуірдегі № 265 бірлескен бұйрығымен бекітілген аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу туралы қағидасын түсіндірді.

 

Мұғалжар аудандық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив