«Қазақ тілінің рөлін сот ісін жүргізуде қолдану арқылы күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел

«Қазақ тілінің рөлін сот ісін жүргізуде қолдану арқылы күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел

2019 жылдың 20 қарашасында БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақ тілінің рөлін сот ісін жүргізуде қолдану арқылы күшейту» тақырыбында - дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел  БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға м.а. Шара Зайнуллина, кеңсе меңгерушісі Қ.Байғабылов, БҚО полиция Департаменті, БҚО адвокаттар алқасы, БҚО бойынша ҚАЖ департаменті, РУ 170/2 мекемесі және Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік мекеменің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Төрағалық етуші Шара Зайнуллина мемлекеттік тілде қаралатын істердің сапасы мен санын арттыру тиісті деңгейде мемлекеттік тілде жүргізілуінің қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, іс жүзінде нәтижеге қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп күш салысуы қажеттігін, мемлекеттік тілді білу деңгейін нығайту саласында оқыту стандартын арттыру қажет екендігін айтты.                                          

Дөңгелек үстел барысында бас маман А.Ахонова өз баяндамасында, қазақ тілінің дамуы мен сақталуы,  еліміздің әр бір азаматының парызы екендігін атап өттіп, сот жүйесінде сот өнідірісі тілінің  конституциялық  принципы сақталатынын, сот ісінің тілі мемлекеттік тіл болып саналатынын, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі мемлекеттік тілмен тең қолданылатындығы туралы айтып өтті.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы С.Ганиева өз сөзінде мемлекеттік облыс бойынша мемлекеттік мекемелерден жинақталған құжатайналым қазіргі таңда 91, 4 пайызды құрап отырғанын және облыс азаматтарына арналған тегін мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылғанын, биылғы жылдан бастап «Шешендік өнер» курсының да ашылғанын айтып кетті.

Дөңгелек үстелде проблемалық сұрақтар мен  мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі дамуы талқыланды.  

 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив