Орал қаласы
2019 жылдың 31 шілдесінде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында «Сотқа дейін материалдар мен істерді дайындау барысында тіл принципін сақтау» тақырыбында - дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының м.а. Бакыт Аманбаевич Ермаханов, кеңсе меңгерушісі Қасымхан Маулетжанович Байғабылов, БҚО прокуроры Сәкен Сарсенбайұлы Молдашев, БҚО адвокаттар алқасының адвокаттары Эльвира Рафиковна Ишмуратова, Қанат Айткалиевич Манкеев, Ерлан Қойшыбаевич Жануров, Акон Икласқызы Искалиева, БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің инспекторы Сымбат Койгалиевна Жумашева, РУ 170/2 мекемесінің АЕБ инспекторы Дариға Ғазизовна Камиева, РУ-170/3 мекемесінің АЕБ инспекторы Ирина Валентиновна Галимованың қатысуымен өтті.
Тақырып бойынша бас маман А.А.Тлемберлиева баяндама жасады.
Төрағалық етуші Б.А.Ермаханов іс жүзінде нәтижеге қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп күш салысуы қажеттігін, мемлекеттік тілді білу деңгейін нығайту саласында оқыту стандартын арттыру қажет екендігін атап өтті.
Кеңсе меңгерушісі Қ.М.Байғабылов сот саласының мамандарының дағдыларын жақсартуға мемлекеттік тілде әр-түрлі салада іс-шаралар өткізу қажеттігін атады.
Дөңгелек үстелде сот ісін жүргізуде қазіргі жағдайы және әрі қарай мемлекеттік тілдің дамуы талқыланды.
Төраға м.а. Б.А.Ермаханов
[xfvalue_img]
18 пікір