Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, елдін қауіпсіздігіне қауіп төндіріп жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді. Осы орайда отанымыздың негізін қалаушы тұнғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың әрбір жолдауында осы індеттің алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындап отыр. «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі, табыспен тұрмыстың сапасын арттыру» - атты 2018 жылдың 5 қазандағы жолдауында, елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатынын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, бірінші басшысынын жеке тәртіптік жауапкершілігі күшейтілетіндігін атап өтті.

Жаңадан сайланған ел президенті Қ.К. Тоқаевта өзінің сайлауындағы бағдарламасында, жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетіндігін жеткізді. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Еліміздің қазіргі стратегиялық құжаттарды қарастыратын болсақ, олардың ен негізгісі жеті ұзақ мерзімді басымдықты көздейтін Қазақстан 2050 стратегиясы.

Осы стратегияда сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікте тікелей әсер ететініне қауіп қатер ретінде көрсетілген, сондықтанда еліміздің осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстаным білдіретін 2014  жылдың 26 желтоқсанында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды.

Стратегия мемлекеттің алдағы жылдардағы жемқорлыққа қарсы саясаттын негізгісі болып  табылады. Стратегияда жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, мемлекет қоғамнын өмірін, түрлі саладағы орын тудыратын себептермен жағдайларды жоюға, қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шараларды жетекші рөлін жүргізу тиіс екендігі көрсетілген. Стратегияның мақсаттары ретінде келесілер айқындалды:

  • Жемқорлықтың маштабын азайту;
  • Мемлекеттік органдардың ашықтығы;
  • Квазимемлекеттік және секторлардың ашықтығы;

Осылайша басты назар сыбайлас жемқорлық салдарымен күреске емес оның, алғы шарттарын жоюға аударылуға тиіс. Қоғамдық өмірдің барлық салаларына еніп кеткен бұл індеттің, алдың алу үшін елімізде институцианалдық және құқықтық база қалыптасқан. Мәселе 100 нақты қадам ұлт жоспары шенберінде, 2015 жылдың  18 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң қабылданды. Тікелей президентке бағынатын жаңа құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы, іс-қимыл агенттігі қызмет етуде. Заңда атаулары көрсеткен агенттіктіңде басты мақсаты әлеуметтік дерттін алдын алу болып табылады. Жалпы еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендету бағытында,  жасалып жатқан пәрменді қалыпты шараларды халықаралық ұйымда жоғары бағалап отыр.

Батыс Қазақстан облысы қылымыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2019 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығына құрылған жұмыс жоспарларына сай судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуларымен семинар сабақтар мен жедел кеңестер өткізіліп, баспасөзге мақалалар жарияланады.

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратына кіре-беріс дәлізінде өтініштерді жолдау жәшігі орнатылып, 51-93-23 сенім телефоны хабарламаларды дер кезінде қабылдау мақсатында қызмет атқарады.

Егер әрбір адам жемқорлықпен күресті өзінен бастаса, сыбайластықтан сырт айналар болса кеселдің адымы қысқа болар еді.

  

Кунакаев Алтынбек

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық

 істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотынын сот приставы              

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив