МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері С.Сисенова мен А.Сарсенова мектеп қабырғасында медиация институтын енгізу бойынша № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің  «10» сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім беру мекемелеріндегі және ата-аналар мен педагог, балалар арасында туындаған дауларды соттан тыс медиация тәртібімен шешу жолдары туралы айтылды.

С.Сисенова өз сөзінде құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету жолдарын іздестіру қазіргі таңдағы өзекті және әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың түрлері, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауы, олардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілік, тараптарды татуластыруда медиацияның басымдылығы және медиатордың рөлі жайлы айтылды.

Сот маманы А.Серсенова жанжалдарды реттеу кезіндегі мектеп медиациясының рөлінің маңыздылығы мен ерекшілігін атап өтті, сонымен қатар «Медиация орталығының» қызметі туралы да айтылды. Кездесу соңында мектеп басшылығына медиация кабинетін ашу туралы ұсыныс келтірілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив