Батыс Қазақстан облысы соттары жалпықалалық сенбілікке қатысты

Батыс Қазақстан облысы соттары жалпықалалық сенбілікке қатысты

Табиғатты құрметтеу және қоршаған ортаны қорғау - әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

Еліміздің әрбір азаматы қоршаған ортаны таза ұстауға, туған өлкені көгалдандыруға өз үлесін қосуы тиіс. Батыс Қазақстан облысы сотының судьялары, БҚО бойынша Соттар Әкімшісінің, сонымен қатар, Орал қаласында орналасқан қалалық және мамандандырылған ауданаралық соттардың  ұжымдары жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілік кезінде сот қызметкерлері сот ғимараты аумағын сыпырып, жол жиектері мен ағаш түптерін әктеп, ағаш көшеттерін отырғызды. 

Мамандандырылған ауданаралық соттар судьялары мен сот қызметкерлері сот ғимаратына тиісті аумақты және Мөңкеұлы көшесінде орналасқан қалалық шағын бақ аумағын жинады.

Облыстық  соттың төрағасы Б.Әметов бастаған сот ұжымы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы облыстық сот ғимаратының қасында орналасқан шағын баққа сенбілік өткізді.

Сот қызметкерлерімен   барлығы 530 түп тал отырғызылды.

Осылайша, судьялар мен сот қызметкерлері туған қаламызды абаттандыру ісіне өз үлестерін қосты.

  

Нұргүл Қанатбаева

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив