Медиация дауларды шешудің ең тиімді жолы

Медиация дауларды шешудің ең тиімді жолы

 

Елбасымыз Қазақстан Республикасы Президентінің судьялардың V съезінде сот тәртібінде қарастырылуға жататын даулар санын азайтуға назар аударып, оларды шешудің балама тәсілдерін, соның ішінде бітімгершілік рәсімдер мен медиацияларды енгізуді тапсырған сәтінен бастау алып, қанат жайа бастаған болатын.

Медиация  (лат. mediare-делдалдық жасау) - дауды үшінші бейтарап әділ тараптың - медиатордың  (делдалдың) жәрдемдесуімен соттың араласуынсыз шешу түрі. Медиация дауды баламалы шешудің аса икемді түрі болып табылады. Медиция рәсімі кезінде дауға қатысушы тараптар медиатордың тәжірбиесі мен білімі және біліктілігіне сүйене отырып, өзара тиімді шешімге өздігінен келеді. Әуел бастан дауларды билердің қатысуымен екі жақты ортақ келісіммен шешіп, тарихы қанық болған ел үшін  татуласу рәсімдерін сот билігінде қолдануды қабылдау үлкен қиындық әкелген жоқ. Нәтижесінде, соттарда татуласу рәсімдерімен қаралған істердің саны артуда.

Медиацияның өзіндік бірнеше артықшылықтары бар. Айта кетсек, алдымен тараптар уақыттарын үнемдейді. Екіншіден, тараптар мемлекеттік баж төлмейді және адвокаттарға төленетін қызметін қажет етпейді.

Осы орайда айта кету керек, мемлекеттік органдар мен жеке және заңды тұлғалардың арасында кейбір дауларды, яғни үшінші жақтардың құқына қайша келмейтін даударды татуласу арқылы шешу керек. Себебі, мемлекеттік органдардың жеке және басқа да тұлғалар заң алдында бірдей.

Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Тараптар медиацияға келу арқылы уақытын және ақшасын үнемдейді.

Медиация біздің ұлттық тәрбиемізден де алыс емес. Татулықты пен бірлікті ту еткен халықтың ұрпағымыз. Ата жолы әрқашан бізге үлгі, өнеге. 

 

А.Батырханов

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив