Дауларды медиация жолымен реттеу

Дауларды медиация жолымен реттеу

«Медиация» термині латынның  «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған  үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.  

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар, сондай-ақ  заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады.   Соңғы кезде дауларды балама тәсілдермен шешудің тиімділігін арттыру мақсатында «Медиация туралы» заң қабылданған соң, әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі негізінде азаматтар арасындағы даулар сотқа дейін медиация жолымен шешіле бастағанын байқаймыз. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген.Қазақстанда «Медиация туралы» Заң  2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайды.

ҚР «Медиация туралы» заңының қабылдануы 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясының және Республика Президентінің «ҚР құқық қорғау іс-әрекеттін және сот жүйесінің тиімділігін көтеру шаралары» туралы заң күші бар Жарлығының іске асуын көрсетеді. Өйткені, медиация қоғамда мемлеттік маңызы бар мәселеге айналып отырған тараптар арасында пайда болған келіспеушіліктердің оң шешілуіне жол ашады. Олардың мәмілеге келу процессін, оңтайлану жолдарын қарастырып зерделейді. Нәтижесінде екі жақтың ортақ шешімге қол жеткізуіне мүмкіндік тудырады. Қазіргі уақытта соттарда қаралатын істердің ауқымдылығын ескеретін болсақ, медиация жолымен ортақ шешімге келу сот жүйесіндегі тиімділікті арттырары сөзсіз.  Жұртшылық дауды сотқа жеткізбей шешудегі бірден- бір мүмкіншілік — медиация тәсілі екенін сезінуде. Оған дәлел ретінде Алматы аудандық сотында медиацияға жүгінетін тараптардың саны күннен күнге артуда. Бұл - заң қабылданғанының 5 жылдығына орай Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясымен, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен «Медиация дамыту орталағы» арасындағы мемарандумдарға қол қойылуы, «Медиация күні» атты республикалық акциясын өткізіп, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырып, оларға заңның тиімділігін түсіндіру іс-шараларының нәтижесі.

 Сондай-ақ, 2016 жылғы 1-ші қаңтардан күшіне енген жаңа Азаматтық процестік кодекс те өз септігін тигізуде. Мәселен, жаңа кодекске сай судьяларға медиатор құзіреті берілді. Енді азаматтар арыздарын сотқа беріп қойған жағдайдың өзінде дауды балама түрде шешуге мүмкіндіктерінен айырылмайды. Бұл жағдайда төленген мемлекеттік баж толығымен қайтарылады, сот отырысының машахаттарынан босатылады [сот отырысын күту, сот шешімін күту, заңды күшіне енгенін күту...]. Ең бастысы - материалдық құндылықтарды алға тартпай, отбасы, туысқандар арасындағы дауды өршітпей, кісілік келбетті сақтап бітімгершілікке қол жеткізу - алдынғы қатарға шығады. Қорытындылай келе, бұл заң халқымыздың басты құндылықтары- татулық, бірлік, ымырашылдық қасиеттерді сақтап, Елбасы көрсеткендей, еліміздің әлемдегі 30 дамыған елдердің қатарына кіруде өз септігін тигізері анық.

 

А.Е.Мусина

Мұғалжар аудандық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

  1. аватар
    Chelsey 30 августа 2023 18:11

    Hello there, I found your site by way of Google at the same time as looking for a similar subject, your web site came up, it
    appears to be like good. I've bookmarked it in my google
    bookmarks.
    Hi there, simply turned into alert to your weblog via Google, and located that it is really informative.
    I'm gonna watch out for brussels. I'll be grateful in the event you proceed this in future.
    Lots of people can be benefited from your writing. Cheers!


    Here is my homepage: adalat disponible en Espagne

  2. аватар
    Nellie 24 сентября 2023 20:44

    Hey there! Do you know if they make any plugins to
    protect against hackers? I'm kinda paranoid about losing everything I've worked hard on. Any recommendations?


    Here is my page Polska

  3. аватар
    Mel 12 января 2024 10:43

    Hello to all, how is the whole thing, I think every one is getting more from this web page, and your
    views are pleasant in favor of new visitors.

    Feel free to surf to my site: Amelia

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив