Елордалық полицейлер жалған пәтерді жалға берумен айналысқан алаяқты әшкереледі

Елордалық полицейлер жалған пәтерді жалға берумен айналысқан алаяқты әшкереледі

«Алматы» аудандық ПБ-ның тәртіп сақшылары «HiTech» жедел-алдын алу  іс-шарасын өткізу барысында астаналықтарды интернет-ресурстары арқылы алдап кеткен 26 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында бойжеткен «Крыша кз.» сайтына нарық құнынан төмен бағада елордада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды. Ол шұғыл және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден мобильді банкинг арқылы 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды.

Бүгінге дейін алданған 7 астаналық полицияға жүгінген.

Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айында сайтта жалған хабарландырулар орналастырып, жалға пәтер берем  деген желеумен алаяқ 40 жастағы елорда тұрғынын алдап, 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталуда.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға аталған қылмыс үшін Қылмыстық кодекс бабының санкциясында мүлкі тәркіленіп, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

 Астана қаласы ДП баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Christiane 21 ноября 2023 20:46

    Have you ever thought about including a little bit more than just your articles?

    I mean, what you say is fundamental and everything.
    Nevertheless think about if you added some great images or video clips to give your posts
    more, "pop"! Your content is excellent but with pics and videos, this site could
    definitely be one of the best in its niche. Great blog!


    my web-site ... how does glyset sr work

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив