Медиация-татулық пен тұстастықтың кепілі

Медиация-татулық пен тұстастықтың кепілі

Елбасымыз Қазақстан Республикасы Президентінің судьялардың V съезінде сот тәртібінде қарастырылуға жататын даулар санын азайтуға назар аударып, оларды шешудің балама тәсілдерін, соның ішінде бітімгершілік рәсімдер мен медиацияларды енгізуді тапсырған сәтінен бастау алып, қанат жайа бастаған болатын. Осыған байланысты «Медиация туралы» Заң қабылданды."Медиация" латынның "медиагере" -" бітімгершілікке жүру" сөзінен алынған.

Медиация тарихы терең ел үшін асқан жаңалық емес еді. Қазақ  халқымыз «Татулықта табыс мол», «Тырнақ пен тістің етіндей, татулықта түйткүл жоқ» дегендей атадан қалған асыл сөзді ұрпақтан ұрпаққа құлағына сіңдіріп тәрбиелеп, бірлік пен татулықты ту етіп келеді. Бұл тұста,  академик С.Зиманов: «Қазақ құқығында барлық дау-дамайлар азаматтық-құқықтық сипатқа ие болды және олар мүліктік немесе ұялтатын, масқаралайтын, бітімгершілік және өзге де азаматтық жазалаумен ғана шектелді. Сөйте тұра, әділдік туы асқақ болды. Жетімін жылатпады, жесірін қалдырмады. Бұдан артық қандай ізгіліктік керек?!»- деп билердің бейнесін тарихта алтын әріппен қалдырды.

Әуел бастан дауларды билердің қатысуымен екі жақты ортақ келісіммен шешіп, тарихы қанық болған ел үшін  татуласу рәсімдерін сот билігінде қолдануды қабылдау үлкен қиындық әкелген жоқ. Нәтижесінде, соттарда татуласу рәсімдерімен қаралған істердің саны артуда.

Сот тараптардың өтініш хаты бойынша медиация рәсімін белгіленген мерзім шегінде кейінге қалдыруға және егер басқа тұлғалардың  қатысуы дауды реттеуіне ықпал етсе, оларды медиацияға шақыруға құқылы.

Егер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.

Медиацияның өзіндік бірнеше артықшылықтары бар. Айта кетсек, алдымен тараптар уақыттарын үнемдейді. Екіншіден, тараптар мемлекеттік баж төлмейді және адвокаттарға төленетін қызметін қажет етпейді.

Осы орайда айта кету керек, мемлекеттік органдар мен жеке және заңды тұлғалардың арасында кейбір дауларды, яғни үшінші жақтардың құқына қайша келмейтін даударды татуласу арқылы шешу керек. Себебі, мемлекеттік органдардың жеке және басқа да тұлғалар заң алдында бірдей.

Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

Қазіргі таңда, әрбір сот ғимараттарында медиация кабинеттері ашылып, мүмкіндіктер артуда. Тараптарды  татуластырып дауларды оңтайлы кешуге көптеген мүмкіншіліктер бар. Қазақ халқы «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер?»- дейді. Қорыта айтқанда, медиация қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, ата бабамыз салған жолды жалғасақ қателеспейміз деп ойлаймын.

  

Е.Ибраимов

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив