Сот медиациясының пәрмені артты

Сот медиациясының пәрмені артты

Дау-дамайларды шешудің балама әдісі – медиативтік рәсімге деген сұраныс артуда. Бастапқыда медиация институтының құзыретіне берілген бұл міндетті қазіргі уақытта судьялар да атқаруда. Өйткені, халық түрлі дау-дамайлар мен келіспеушіліктер туындай қалса, әдеттегідей бірден сотқа жүгінеді. Осы ретте судьялардың медиация қызметін қоса атқара алуы, тараптарды татуластыруға құқылы болуы өте оңтайлы шешім болып отыр. Дауды медиация рәсімімен шешу тәжірибесі сот жүйесінде 2014 жылы ҚР Жоғарғы Соты төрағасының өкімімен пилоттық жоба есебінде қолға алынған-ды. Сот медиациясын жүргізу тәртібіне келетін болсақ, ол АІЖК 49, 193, 247, 367-баптарының талаптарын ескере отырып анықталады. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттарда өндірісінде іс бар судья сот талқылауының кез келген сатысында тараптардан сот медиациясын жүргізу мүмкіндігін анықтайды. Тараптар сот медиациясын жүргізу туралы келісім жасасқан жағдайда, өндірісінде іс бар судья АІЖК 242-бабының 7) тармақшасына сәйкес, іс бойынша іс жүргізуді он күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады. Судьяның ұйғарымы негізінде іс автоматты түрде бөлу арқылы бітімгершілік рәсімдерді жүргізетін судьяға беріледі, ол тараптардың келісімімен сот медиациясы жүргізілетін күн мен уақытты белгілейді. Бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судья сот медиациясын жүргізу кезінде сот отырысының хаттамасын жүргізу туралы нормаларды қоспағанда, ҚР «Медиация туралы» заңымен және АІЖК-мен белгіленген нормаларды басшылыққа алады.

 

Қайрат САРСЕКЕЕВ,

Астана қалалық

мамандандырылған

ауданаралық экономикалық

сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив