Сот жүйесіндегі электронды сервистер

Сот жүйесіндегі электронды сервистер

2012 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың www.sud.kz ресми сайтында «Сот кабинеті» сервисі іске қосылған болатын. Сол уақыттан бері электрондық цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматы «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисін қолданып, сотқа талап арыз, өтініш беру мүмкіндігіне ие. Ең бастысы, жеке тұлғалар мен олардың заңды өкілдері «Сот кабинетіне» тіркелсе жетіп жатыр. Бұл жүйеге тіркелген тұлғалар электронды құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады. Электрондық цифрлық қолтаңба бұл қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең. Құжаттың дұрыстығына, оның тиесілігіне және мазмұнының өзгермегендігіне электрондық цифрлық қолтаңба кепіл. Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинеті» арқылы талап арызбен, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, сот отырысының хаттамасына ескертумен, өтінішпен сотқа жүгіне алады. Пайдаланушы «Талап арыз беру» сервисін таңдай отырып, электрондық талап арыз нысанын толтырады. Онда: облыс, талап арыз берілетін соттың аты, мемлекеттік баж сомасы, егер соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда «төлемеу» деген жолға белгі қойылады. «Электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік бажды онлайнмен төлеген жағдайда «онлайн-төлем» жолы толтырылады. Содан соң арыздың сипаты, істің санаты, даудың жалпы соммасы, процестің тараптары көрсетілуі тиіс. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінде ағымдағы жылдың шілдесінен бастап «Әкімшілік істерді жіберу» серисі қосылған. Мұғалжар аудандық сотында 9 айдың қорытындысы бойынша  731 әкімшілік іс тіркелсе, оның 731 «Сот кабинеті» арқылы электронды тіркелген. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» арқылы электрондық түрде 1583 талап арызы электрондық түрде тіркелген. Яғни, 1583 тіркелген барлық талап арыздар 100 пайызды  құрап отыр.Халық бұрынғыдай сотқа жүгіріп, кезек күтіп сабылмай үйде отырып сот қызметін пайдалана алады. Біріншіден, уақытын үнемдесе, екіншіден қыруар қаржы үнемделеді. Қазіргі таңда сот жүйесіндегі әрбір іске қосылған жаңа бағдарламаның, технологияның орны бөлек. Ең бастысы, заман талабына сай заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу қарапайым халықтың игілігі үшін.

 

 Мұғалжар аудандық сотының жетекші маманы А.Сатканбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив