Сот кабинеті арқылы жұмыс жасауды  кеңейту  қажет

Сот кабинеті арқылы жұмыс жасауды кеңейту қажет

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық  ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы осы нұсқаулық электрондық құжат нысанында сотқа құжаттарды беру мүмкіндігін көздейтін ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне, ҚР Қылмыстық процестік кодексіне,«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

 Электрондық-цифрлық қолтаңбасы бар кез келген азамат «Сот кабинеті» жүйесі арқылы  арыз, шағым,өтініш, сұрату хаттар, талап арыздар және басқа да құжаттарды бере алады. Қазіргі таңда электрондық-цифрлық қолтаңбаны  халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады.

«Сот кабинеті» жүйесінің пайдаланушысы бола тұрып, процеске қатысушылары сот актілерімен танысуға мүмкіндіктері бар.  Нақтырақ тоқтала  келсек, сот мәжілісінің хатшысы сотқа қатысушыларға қабылданған актілер бойынша мәлімет ретінде «СМС» хабарлауды жолдайды, аталмыш хабарлау арқылы  сотқа қатысушылардың абоненттік номеріне код келеді. Сол кодты «сот кабинеті» ақпараттық жүйесіне еңгізілген соң, тұтынушы сот актілерімен таныса алады.

Яғни, электрондық құжаттарды беру шарттарына келетін болсақ,жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.

«Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы  жүзеге асырады. Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін талап арызбен, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, сот отырысының хаттамасына ескертумен, өтінішпен сотқа жүгіне алады. Берілетін құжаттарға қойылатын талаптар: Сотқа ұсыну үшін арыз (өтініш) мәтіндік форматта жүктеледі (қарпі 14 Times New Roman, жартылай интервал) Әрбір жеке құжат құжаттарды беру жүйесінде жеке файл түрінде жүктелуге тиіс.Файлдардың саны сотқ берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.Пайдаланушы жүктейтін файлдың форматы*doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес келуі тиіс. Файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс.

«Сот кабинеті» жүйесі қорғаушыларға,өкілдерге өте пайдалы, кез-келген жерде интернет арқылы сотқа арыздар, басқа да құжаттарды электронды түрде жолдай алады, және де арыздар «Сот кабинеті» бойынша жауаптары өте шұғыл түседі.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотының

іс жүргізушісі  инспекторы  А.Тұрмағамбетова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив