ІІМ есірткі қылмысымен күресте жаңа әдістер қолданып жатыр

ІІМ есірткі қылмысымен күресте жаңа әдістер қолданып жатыр

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің дамуымен қылмыс түрлері де өзгерді. Оларды анықтап, ашу үшін полицияның жедел қызметтерінен жаңа тәсілдер талап етіледі.

Интернет кеңістігінде есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін Ішкі істер министрлігі қазақстандық компаниялардың бірімен заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендер мен ілеспе техникалық жабдықтарды сатып алуға шарт жасасты.

Қыркүйек айында техниканы қызметте пайдалану бойынша полицейлер арасында семинар-тренинг өткізілді. Сондай-ақ әрбір өңірге бір жұмыс станциясы берілді. Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімшелерінен 21 ІТ-маман оқытылды.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, аппараттық-бағдарламалық кешендер Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде бөлінген қаржыландыру есебінен сатып алынды.

Бағдарламалық кешендердің қуаты ақпараттың едәуір көлемін өңдеуге және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдар арасындағы тікелей және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткіні жарнамалау фактілері бойынша 51 сотқа дейінгі іс жүргізуді, есірткіні интернет арқылы таратқаны үшін 288 қылмыстық істі тіркеді. Есірткі тарататын 1,5 мың сайт бұғатталды. OLX.kz хабарландырулар ресурсында есірткіні насихаттайтын 1179 жазба мен психоактивті заттарды тарату бойынша курьерлік жұмыс ұсыныстары анықталды. OLX.kz басшылығымен жасалған келісім негізінде бұл жарнамалар жойылды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/626872?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив