Жамбылдық полицейлер есірткінің зияны туралы ойын түрінде айтып берді
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде "Қарасора-2023", "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шаралары шеңберінде "Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында зияткерлік ойын түрінде тренинг өткізілді.
Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Екі топқа бөлінген студенттер нашақорлық мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, бір-біріне шифрланған жасырын сөздерді табуға көмектесті, мәселен, ұрпақ, бақыт, аурухана, ішімдік, отбасы, денсаулық, өмір, болашақ, спорт, желім, білім.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көтеріліп отырған мәселе бойынша студенттерге сұрақтар қойып, білім алушылардың тыйым салынған заттарға қатысты көзқарасын анықтады.
- Интеллектуалдық ойын түріндегі мұндай тренингтер өскелең ұрпақтың есірткіге теріс көзқарасы бойынша нақты ұстанымын қалыптастыруға, нашақорлық қазіргі заманның өткір мәселелерінің бірі болып табылатынын түсінуге және қорғаныстық мінез-құлық дағдыларын дамытуға, жасөспірімдердің саналы салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]
46 пікір