Прокуратура органдары күніне орай

Прокуратура органдары күніне орай

Астана қ., 06.12.2022ж. Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов Қазақстан прокуратурасы тарихының маңызды кезеңдеріне, оның тәуелсіздік жылдарындағы ел жетістіктеріндегі рөліне және құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі үлесіне тоқталды.

Ведомство басшысы прокуратура тарихында із қалдырған көрнекті тарихи тұлғаларға: алғашқы әділет халық комиссары Шафхат Бекмұхамедовке, Мырзағұл Атаниазовқа және Нығмет Нұрмақовқа, Қазақ КСР-нің бірінші прокуроры Сүлеймен Есқараевқа, Асабай Мамытовқа және Петр Кудрявцевке, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның прокурорлары: Мақсұт Нәрікбаевқа, Степан Шуткинге, Юрий Хитринге, Рәшид Түсіпбековке, Қайрат Мәмиге және тағы басқаларға құрмет көрсетті.

«Әрине, біздің тарихымыздың тамыры терең. Біз өткеннің даңқты беттерімен және қадағалау қызметінің үздік өкілдерімен мақтанамыз.

Біз үшін олар кәсіпқойлықтың үлгісі және мақтаныштың үлгісі болып қала береді. Олардың әрқайсысы Тәуелсіз Қазақстан прокуратурасын нығайтуға елеулі үлес қосты», - деді Бас Прокурор.

Ұжымды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, Берік Асылов ағымдағы жылдағы, оның ішінде прокуратура органдары тарихындағы жаңа тараудың бастамасы болған атаулы оқиғаларға назар аударды.

«Жаңа «Әділетті Қазақстанды» құруға үшін барлық мемлекеттік аппаратты қайта жаңғырту, құқық қорғау және сот жүйелерінде реформалар жүруде».

Ағымдағы жылғы 5 қарашада прокурорлардың өкілеттігі мен қадағалау шеңберін айқындап берген «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң қабылданды.

Жыл сайын прокурорлар өз бастамасымен және келіп түскен сигналдар бойынша мыңдаған азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.  Азаматтардың еңбек, тұрғын-үй құқықтарын және басқа да заңды мүдделерін қалпына келтіреді. Қазынаны миллиардтаған сомамен толықтырады және бюджеттің орасан зор шығындарының алдын алады.

Бұл ауданнан бастап орталық аппараттағы қызметкерлердің күнделікті, тыңғылықты жұмысының нәтижесі.

Ол сондай-ақ әріптестеріне борышқа шын берілгендігі және адалдығы үшін алғысын білдірді, прокуратура органдарының алдында тұрған қоғам өмірінің барлық салаларында азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін одан әрі күшейту жөніндегі міндеттерді еске салды.

Соңында Бас Прокурор ұжымды және ардагерлерді прокуратура органдарының мерейтойымен құттықтап, денсаулық, жұмыстарына табыс және отбасылық амандық тіледі.

Кәсіби мереке құрметіне Бас Прокурордың бұйрығымен мінсіз қызметі мен міндеттерін үлгілі орындағаны үшін прокуратура органдарының 461 қызметкері марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Tobias 29 сентября 2023 13:01

    I blog often and I genuinely appreciate your
    information. The article has really peaked my interest.
    I will bookmark your website and keep checking for new
    details about once a week. I opted in for your RSS feed as well.


    My website: ordina symbicort online

  2. аватар
    Roma 27 февраля 2024 14:23

    Hi there I am so excited I found your blog page, I
    really found you by error, while I was browsing Tax grab
    on state pensions facing 750
    Digg for something else,
    Regardless I am here now and would just like to say thanks for a marvelous
    post and a all round thrilling blog (I also love the
    theme/design), I don't have time to look over it all at the minute but I have saved it and also added in your RSS feeds, so when I have time I will be back to
    read much more, Please do keep up the fantastic work.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив