Республика күніне орай

Республика күніне орай

Бас прокуратурада Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бас Прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жылдан бастап ұлттық мерекенің толыққанды мәртебесіне ие болған бұл күннің тарихи маңыздылығын атап өтті. 

«Бұл күнді мерекелік күнтізбеде жаңғырту – ата-бабаларымыздың жанқиярлық батылдығы мен әділетті  Қазақстандағы ұрпақтар сабақтастығын құрметтеудің символы. Егемендік – бұл баға жетпес игілік, мемлекеттілігіміздің іргелі тірегі», – деді Б. Асылов.

Бас Прокурор ел тәуелсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюының, халықтың әл-ауқатының одан әрі өсуінің кепілі заңдылықты абсолютті сақтау болып табылатындығын атап өтті.

Сол үшін де прокуратура органдары азаматтардың конституциялық құқықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық салада 13 мың бұзушылық жойылып, мемлекет пайдасына 68 млрд теңге өндірілді.

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша 2,5 мыңға жуық сот актілері заңға сәйкес келтірілді, 25 млрд теңге сомасына бюджет шығынының алды алынды.

Бизнесті қорғау, оның ішінде адал кәсіпкерлерді қылмыстық орбитаға тарту фактілерін барынша азайтуға бағытталған шаралар қабылдануда.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында прокурорлар тергеу органдарының 700 мыңнан астам шешімін тексерді. Осы жылдан бастап ауыр қылмыстарға байланысты істер бойынша 854 айыптау актісі жасалды.

Келесі жылдан бастап азаптау істеріне тергеу жүргізеді.

Олигополиялардың заңсыз қызметіне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізілуде. Елден заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару бойынша прокурорлық қызметтің жаңа бағыты қалыптастырылуда.

Халықаралық ынтымақтастық саласында Бас прокуратура 33 шет елмен қылмыстық құқық саласында екіжақты 70 келісім жасасты.

Прокуратура органдарының заңның үстемдігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтіп, Берік Асылов ұжымға қажырлы еңбегі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін одан әрі іске асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсауға шақырды.

Атаулы күнге орай Президент Жарлығымен және Бас Прокурордың бұйрықтарымен прокуратураның бірқатар қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив