Астана прокуратурасының тарихы!

Астана прокуратурасының тарихы!

Қазақстан прокуратурасының тарихы егемен еліміздің тарихымен тығыз байланысты.

Тәуелсіз Қазақстан өзінің қалыптасуының алғашқы күнінен прокуратураның ажырамас бөлігі болып табылатын конституциялық құрылымы мен құқықтық жүйесін нығайтуға кірісті. Алайда оның тарихы Қазақстанның тәуелсіздік алуынан бірнеше ондаған жыл бұрын басталған.

Қазақстан прокуратурасының тарихи қалыптасуы мен дамуының бірінші кезеңі 1922 жылдың 13 шілдесінде ҚазОАК-тің 3-сессиясының 2-шақырылуымен басталды, оның шешімімен Әділет халық комиссариаты құрамында мемлекеттік прокуратура құрылды. Оған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының функцияларын атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.

Астана - мемлекеттің басты қаласы, мемлекеттік биліктің жоғары органдары мен үкіметтік мекемелердің орналасқан жері. Астананы көшіру мемлекет тарихында өзекті мәселелердің бірі болып табылды. Қай мемлекетте болмасын астаналық функцияларды бір қаладан екінші қалаға тапсыру әртүрлі алғышарттар мен себептерге негізделеді.

1925 жылдың сәуірінде Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і болып қайта аталып, астананы Орынбордан басқа қалаға көшіру туралы мәселе көтерілді. Большевиктік үкіметтің таңдауы 1925 жылғы сәуірде Қазақ АКСР Кеңестерінің V съезінде шұғыл түрде Қызылорда деп қайта аталған Ақ Мешіт қаласына түсті.

1927 жылғы 2 наурызда ҚазАКСР ОАК мен ХКК  ҚазАКСР астанасын Қызыл Ордадан Алматыға көшіру туралы қаулы шығарды. 

Прокуратура дамуының екінші кезеңін 1933 жылы оның өкілеттіктерінің кеңеюімен сипаттауға болады. Комиссариаттың жанынан прокуратура басқармасы құрылды, ол салыстырмалы түрде дербес болды және оның тарихында алғаш рет прокурор мен Әділет халық комиссарының функциялары бөлінді.

1936 жылғы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясының қабылдануымен республика үшін тарихи маңызды оқиға орын алды, Қазақстан автономиядан егеменді одақтас республика болып құрылып, КСРО құрамындағы тең құқықты мемлекет құқығын алды. 1937 жылы Қазақстан өзінің Конституциясын қабылдады.

Осы сәттен бастап прокуратураны дамыту мен нығайтудың жаңа үшінші кезеңі басталды, ол 1937 жылғы 11 қарашада  Әділет халық комиссариатынан бөлініп, республиканың құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс істей бастады.

Қазақ АКСР-нің алғашқы прокуроры болып Сүлеймен Есқараев тағайындалды.

1991 жылы КСРО өз тіршілігін тоқтатты, ал бұрынғы 15 одақтас республика, оның ішінде Қазақстан да тәуелсіздігін алды. Осы жылдан бастап Егемен Қазақстанның прокуратура органдарында дамудың жаңа кезеңі басталды.

1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» бірінші Заңды қабылдады, ол 1995 жылғы 21 желтоқсанға дейін, яғни ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» заңды күші бар Жарлықты қабылдағанға дейін қолданылды. Бұл Жарлық 1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты шығарылды.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін астананы көшіру туралы мәселе қайта көтерілді, ол Алматы қаласының шекаралық өңір болып табылатындығына және мемлекеттің жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін астананы еліміздің орталық бөлігіне көшіру қажеттігіне байланысты туындады.

1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. 

          Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялануына байланысты 1997 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ю.А. Хитриннің бұйрығымен Ақмола қаласының прокуратурасына Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына бағынатын облыстық прокуратураның құқықтары берілді.

           1997 жылғы 27 желтоқсанда Ақмола қаласының бірінші прокуроры болып Тохтарбай Қапанұлы Ержанов тағайындалды, оған провинциялық прокуратура мәртебесін астаналық мәртебесіне дейін көтеру керек болды.

           1998 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы» Жарлығына сәйкес Ю.А. Хитрин Ақмола қаласы прокуратурасын Астана қаласының прокуратурасы деп қайта атау туралы бұйрыққа қол қойды.

            Сол жылы қаланың алғашқы екі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары және осыған сәйкес аудандық прокуратуралар құрылды.

2009 жылдың 5 қаңтарында  Астана қаласының «Есіл» аудандық прокуратурасы құрылды, 2018 жылы елорданың ең жас «Байқоңыр» аудандық прокуратурасы құрылды.

         2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Г.Д. Нұрдәулетовтің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асыру мақсатында Астана қаласының прокуратурасы Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы болып қайта аталды.

        Өткен кезеңдерді бағалай отырып, қалалық прокуратураның қалыптасуы мен дамуына нақты адамдардың қосқан үлесін атап өткен жөн. Оның тарихын прокурорлардың аға буындары құрды, бірінші кезекте олар астанамыздың прокурорлары: Т.Қ. Ержанов (1997-2001), А.В.Константинов (2001-2004), Е.С. Мерзадинов (2004-2005), В.М. Корчагин (2005-2010), М.Ә. Жөргенбаев (2010-2014), С.М. Бекбосынов (2014-2017), Б.Б. Дембаев (2017-2019), Б.Қ. Мырзакеров (2019 ж. бастап қазіргі уақытта).

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив