Астаналық полицей Президенттік көпсайыстан өткен жарысқа қатысты

Астаналық полицей Президенттік көпсайыстан өткен жарысқа қатысты

Ағымдағы жылдың 20-27 қазан аралығында Алматы қаласында Президенттік тестілеу бойынша Қазақстан Республикасының VII чемпионаты өтті. Оған еліміздің әр қалаларынан 9 жастан 60 жасқа дейінгі санаттағы 182 спортшы қатысты. Спорттық бағдарлама мазмұнды және жан-жақты болды.  Бір апта ішінде қатысушылар спорттың бірнеше түрінен күш, дәлдік, жылдамдық және ептілік бойынша сынға түсті: Олар, 100 метрге жүгіру, жүзу, граната лақтыру, тартылу және ұзындыққа секіру.

        Бұл жарыстың басты мақсаты тұрғындар арасында Президенттік тестілеуді кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту болды.

        Астана қаласының Полиция Департаментін Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлімшесінің қызметкері полиция капитаны Ізбасар Мұсабеков таныстырды. Ол 100 метрге жүгіруде және ұзындыққа секіруде бірінші орынды иеленді.

        Спорттық жетістіктерінің арқасында Ізбасар ішкі істер органдарына қызметке келді. Ол спорт шеберлігіне үміткер, 2010 жылғы көпсайыстан ҚР чемпионатының жүлдегері, 2014 жылғы жеңіл атлетика және үш сайыстан қала чемпионы, 2021 жылғы көпсайыстан ҚР Чемпионатының күміс және қола жүлдегері.

        Чемпионат жеңімпаздарға медальдар мен дипломдарды салтанатты түрде тапсырумен аяқталды.

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив