Өскеменде полицейлер 6 жастағы баланы жедел тауып алды

Өскеменде полицейлер 6 жастағы баланы жедел тауып алды

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде сағат 16.28-де "102" жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті, ол кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмек көрсетуді сұрады.

Әйелдің айтуынша, оның 2016 жылы туған ұлы үйден ойын алаңына серуендеуге шыққан, содан кейін белгісіз бағытқа кеткен. Әйел ұлын өз бетінше табуға тырысқан, барлық таныстары мен достарына қоңырау шалған, бірақ оның қайда екенін біле алмады. 

Кәмелетке толмағанның тұрған жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы, сондай-ақ Өскемен қаласы полиция басқармасының жеке құрамы дереу жиналды.

Тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан адамдарға қандай да бір ақпарат алып, іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды мұқият аралап шықты.

"Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция қызметкерлері кіші лейтенант Медет Жанапин мен аға лейтенант Рауан Баймолдин қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғалған бала Республика алаңында табылды.  Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол туған - туыстарына жеткізілді",-деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Орал Рыспаев. Өз кезегінде, баланың анасы құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін үлкен алғыс білдіреді.

Кәмелетке толмағандардың жоғалу жағдайларының жиілеуіне байланысты Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері ата-аналар мен ересектерге кәмелетке толмағандармен осындай фактілердің алдын алуға бағытталған шұғыл алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы жүгінеді. Егер сіздің балаларыңызға қонаққа олардың кәмелетке толмаған таныстары, достары, сыныптастары келсе, осы фактілер туралы олардың заңды өкілдеріне дереу хабарлау керек.

Өскемен қ.ПБ ювеналды полиция қызметкерлері ата-аналарды өз балаларына бақылауды және жауапкершілікті күшейту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын арттыру қажеттілігі туралы қатаң ескертеді, сондай-ақ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және мұқият болуға шақырады.

Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив