Өскемен қаласының полиция басқармасы Ертіс ПБ қызметкерлері  бейімдеу орталығынан ескертусіз кеткен екі тәрбиеленушіні тапты

Өскемен қаласының полиция басқармасы Ертіс ПБ қызметкерлері бейімдеу орталығынан ескертусіз кеткен екі тәрбиеленушіні тапты

2022 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 13:00-де "102" арнасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 56 жастағы тәрбиешісі хабарласты. Ол 11 және 12 жастағы кәмелетке толмаған екі тәрбиеленуші орталықтан өз еркімен кеткендігін хабарлады.

Кәмелетке толмағандардың орналасқан жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.

Тәртіп сақшылары кез-келген ақпаратты білетін адамдармен сұхбаттасып, іргелес аумақтарды: саябақтарды, алаңдарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият тексерді.

"Ертіс ПБ КТІЖ инспекторы полиция лейтенанты Нұргелді Ислямов пен Ертіс ПБ ювеналды полиция қызметкері полиция капитаны Руслан Мазбаев қабылдаған шаралардың нәтижесінде ұлдар Новаторов және Лев Толстой көшелерінің қиылысынан табылды. Кәмелетке толмағандар түсіндіргендей, олар тәрбиешілерге ескертусіз қалада серуендегісі келген. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, олар орталыққа жеткізілді", - деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Орал Рыспаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив