СҚО полицейлері ауыл тұрғынынан иір ойықты қару тәркіледі

СҚО полицейлері ауыл тұрғынынан иір ойықты қару тәркіледі

Айыртау ауданының полиция қызметкерлері ойық қаруды заңсыз сақтау жөніндегі материалды сотқа тапсырды. Аудан тұрғыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тәртіп сақшылары маусым айында өткізген «Жол-көлік оқиғасына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 53 жасар ауыл тұрғынының басқаруындағы ГАЗ-31-105 Волга автомобилін тексеру үшін тоқтатқан. Полицейлер көліктің артқы орындығынан шағын калибрлі мылтық пен оның патрондарын анықтаған, олардың бірі оқталған күйде болған. Ауыл тұрғынының айтуынша, бірнеше күн бұрын ол қаруды тауып алған. Ойық қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екендігін білмеген. Сараптама бұл қарудың калибрі 5,6 мм., «ТОЗ-8» мылтық екендігін көрсетті.

«Аталған  факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайтын айыппұлдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Қаруды заңсыз сақтау қауіпті. Оқыс оқиғалардан, сондай-ақ қару қолданумен жасалатын қылмыстардан аулақ болу үшін тілкелмеген қаруды полицияға ерікті түрде өткізген жөн. Жыл басынан бері 11 адам осылай жасады. Олардың бәрі заңсыз сақтау үшін көзделген жауапкершіліктен босатылды». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Rudy 7 декабря 2023 00:04

    I do trust all of the concepts you've presented in your post.
    They are really convincing and can definitely work. Still, the posts are very short for beginners.
    Could you please prolong them a bit from subsequent time?
    Thanks for the post.

    Also visit my website :: comprar ercaf sin riesgos

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив