Жамбылдық полицейлер 2 күн ішінде 4 қару, граната және 40 патрон тапты

Жамбылдық полицейлер 2 күн ішінде 4 қару, граната және 40 патрон тапты

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында 4  қару, 2 граната, патрон, электрошокер, штык-пышақ тауып, тәркіледі.

Табылған қарулар арасында оқжатары  бар Калашников автоматы, "ТОЗ-БМ" маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтығы, "EKOL Special 99" маркалы травматикалық тапаншасы, Макаровтың тапаншасының оқжатары, "ГСЗ" маркалы 2 граната, "ЭШУ-200" 2 электршокері, штык-пышақ, 9 мм калибрлі 40 патрон, бос калибрі 16 мм гильзалар табылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың табылғаны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив