СҚО-да полицейлер ауаға оқ атып, заңсыз аң аулаудағы күдіктілерді тоқтатуларына тура келген

СҚО-да полицейлер ауаға оқ атып, заңсыз аң аулаудағы күдіктілерді тоқтатуларына тура келген

Табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы Тайынша ауданының учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік іс-шараларға қатысып, Кеңес ауылы маңында «ВАЗ-2123» автокөлігін байқаған. Жүргізуші тоқтау туралы талапқа бағынбай, жасырынбақшы болған. Оны тоқтату үшін ескерту жасап табельдік қарудан ауаға атуларына тура келген. Салонда 22 мен 32 жас аралығындағы Ақмола облысының төрт тұрғыны болған. Оқиға орнына шақырылған аудандық ПБ жедел-тергеу тобы көліктен сібір елігінің етін және «ИЖ-58» маркалы тіркелмеген аңшы қаруын тәркіледі. Ұсталғандарда жануарларды атуға рұқсат құжаттары болмаған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«СҚО-да «Браконьер» жедел-профилактикалық 2021 жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында өткізілуде, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қызметкерлері қорықшылармен бірлесе аң аулау қағидаларының бұзушылықтарын анықтау, сондай-ақ табиғи ресурстарды браконьерлік жолмен аулау фактілерінің алдын алу үшін орман алқаптарында рейдті күшейтті. Іс-шара өткен уақытта аң аулау қағидаларының 157 бұзушылығы анықталды. Олар көбінесе қаруды жиналған және оқталған күйде тасымалдаудан көрінеді. Өйткені жазатайым оқиғалардың орын алмауы үшін бұған үзілді-кесілді тыйым салынған. Сонымен қатар, балық аулау қағидаларының 34 бұзушылығы анықталды».

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив