СҚО-да ауылдық учаскелік инспекторы өз мамандығын не үшін ұнататынын айтты

СҚО-да ауылдық учаскелік инспекторы өз мамандығын не үшін ұнататынын айтты

Полиция аға лейтенанты Ұлан Арыстанов өзінің «кіші отаны» - Шал ақын ауданында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады.  Оның адамдарға көмектессем, олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етсем, қылмыскерлермен күрессем деген бала арманы осы мамандыққа жетеледі. Колледжден және әскерден кейін Ұлан Көкшетау қ. Абай Мырзахметов университетінде сырттай жоғарғы білім алды. 2013 жылы Петропавл қ. ішкі істер органдарына жұмысқа оранласты. 2018 жылдан өз ауданында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады.

«Күн сайын адамдарға түрлі көмек көрстеміз, - дейді Ұлан. Отбасылық жанжалдарды болдырмаймыз, ұрлықтарды ашамыз, ауылдықтарға ұрланған мүліктерін қайтарамыз. Есептегі тұлғалармен профилактикалық әңгімелер жүргіземіз. Жалғыз басты қарттарды да ұмытпаймыз. Өткенде жалғыз тұрып жатқан зейнеткер үйінде құлап, өздігінен тұра алмаған. Есігін бұзып, «жедел жәрдем» шақырттық. Бірде қашып құтылмақ болған мас жүргізушінің соңынан қудық,  қылмыскер ұсталып, жауапкершілкке тартылды. Учаскелік полиция қызметкерінің жұмысында кездесетін мұндай оқиғалар жетерлік».

Туыстары бұл жұмыста демалыс болмайтынына да көнген. Ұлан анда-санда бір берілетін демалыс күнін жұбайы және балаларымен өткізеді. Мұндай бақытты күндерде басқа қалаға сапарға шығып, еліміздің әсем жерлерін тамашалайды.

«Иә, біздің жұмыс оңай емес, - деп мойындайды
Ұлан. — Кесте бойынша сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін бекетте боламыз, сағат тілі қай уақытты көрсетсе де  маңызды емес. Дей тұрғанмен, жұмысым өзіме ұнайды. Ол қызықты әрі маңызды, өйткені учаскелік инспектордың әр күн бір-бірінен өзгеше».

Ұланның жұмысы бірнеше рет халық атынан алғыс хатпен және басшылықтың атынан құрмет грамотасымен еленді. Ол туған жерім және адамдармен қарым-қатынас жасау қызметте зор көмегін тигізеді деп санайды. Ұлан Арыстанов қызмет көрсететін аумақта 1311 адам тұрады. «Ауылдық жердің учаскелік инспекторы болу үшін «адамдармен біте қайнасып», оларды құрметтеу керек, сонда ғана қолдау мен сенімге ие боласың, - дейді ол. – Жергілікті халықтың қолдауы арқасында ғана учаскелік инспектордың жұмысы нәтижелі болмақ».

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив