Петропавл тұрғындары мен полицейлер есте сақтау қабілеті нашар әжейге көмектесті

Петропавл тұрғындары мен полицейлер есте сақтау қабілеті нашар әжейге көмектесті

Әлеуметтік желілер – полиция мен тұрғындар арасындағы байланыс құралына айналды. Петропавл тұрғындары қоғамдық қауіпсіздікпен байланысты жарияланымдардың астында орналастырылатын ресми жауаптарды желіде жиі көріп тұрады. Тақарыптар әр түрлі: жол-көлік оқиғалары, жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтары, жол-көлік инфрақұрылымының кемшіліктері, қоғамдық тәртіптің бұзушылықтары. Полицейлер тұрғындардың жазған сауалдарын тексеріп, қабылданған шаралар туралы нәтижені жариялайды.

28 желтоқсан күні Instagram желісінде қала тұрғыны такси қызметімен айналысатын жұбайының түн ішінде тротуарда келе жатқан әбден жаураған қарияны мінгізіп алғанын жазған. Әжей мекенжайын есіне түсіре алмаған. Такси жүргізушісі полицияға шақырған. Автор өзінің ойын «Қарияның жағдайына алаңдаймыз. Туыстары табылды ма екен?» деген сөздермен аяқтапты. Келесі күні Петропавл қ. Полиция басқармасының полицейлері қабылданған шаралар туралы жауапты әлеуметтік желілерде орналастырды. Жауапта «Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері әжейдің жеке басының мәліметтерін және тұрғылықты мекенжайын анықтылды. Зейнеткер пәтеріне жеткізілді» делінген. Жалғыз тұратын 91 жастағы кейуана есте сақта қабілетінен айырылған. Патрульдік полицейлер бұл жағдай туралы учаскелік полиция пунктіне хабарлады. Учаскелік полиция инспекторы өз аумағында тұратын әжені бақылауына алды.

«Желіде орналастырылатын түсініктер заңнаманың нормаларын түсіндіруге және халқты болып жатқан оқиғалар туралы объективті хабардар етуге бағытталған, - дейді СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев. – Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға ден қою – сервистік үлгідегі жұмысқа бағдарланған қол жетімді полиция қағидатын іске асырудағы формалардың бірі. 2021 жылы облыс полицейлері әлеуметтік желілерде 1100 астам түсініктер орналастырды». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив