25 қазан – Республика күні ұлттық мереке

25 қазан – Республика күні ұлттық мереке

Республика күні қайта оралды. Парламент депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Енді 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі, ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып қала береді.

1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды, ол үлкен тарихи құжат болып саналады.

Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.

Сол кезден бастап Қазақстан егеменді елге айналуының алғышартын бастап кетті. Ал 2001 жылы мемлекеттік мерекелер қатарына енгізілген Республика күні, 2009 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды.

Биыл 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтай жиынында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мерекені қайта атап өтуді ұсынған болатын.

Үкімет қаулысына сәйкес биыл Республика күніне орай қазақстандықтар бірден үш күн демалады. Яғни 23, 24 және 25 қазан демалыс күні болып саналады. Ал 22 қазан, сенбі - жұмыс күні болып есептеледі.

Ұлттық мереке қарсаңында көп ұлтты отанымыздың көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Жаңа ғасырда қайта түлеп, қадамы батыл, елдігіміз еңселі, мәртебесі биік болсын! .

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының

кеңсе меңгерушісі А.Кожина

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

130 пікір

  1. аватар
    Shelley 31 октября 2026 05:35

    Im Falle der Sofortüberweisung läuft es darauf hinaus, dass keine
    Auszahlungen über diese Methode abgewickelt werden können. Hierbei handelt es sich um eine Wertkarte,
    die Sie zum Beispiel an Tankstellen oder im Supermarkt erwerben können. In der Regel dürfte
    also jeder deutsche Spieler auf das Angebot zurückgreifen können. Dass im Online Casino Sofortüberweisung genutzt werden kann, war vor einigen Jahren keinesfalls eine
    Selbstverständlichkeit. Dies ist in der Regel bei der Auszahlung
    der Fall.

    References: https://forum.koneksea.com/d/455-bestes-online-casino-sofortuberweisung-sicher-
    wahlen

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.