25 қазан – Республика күні ұлттық мереке

25 қазан – Республика күні ұлттық мереке

Республика күні қайта оралды. Парламент депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Енді 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі, ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып қала береді.

1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды, ол үлкен тарихи құжат болып саналады.

Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.

Сол кезден бастап Қазақстан егеменді елге айналуының алғышартын бастап кетті. Ал 2001 жылы мемлекеттік мерекелер қатарына енгізілген Республика күні, 2009 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды.

Биыл 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтай жиынында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мерекені қайта атап өтуді ұсынған болатын.

Үкімет қаулысына сәйкес биыл Республика күніне орай қазақстандықтар бірден үш күн демалады. Яғни 23, 24 және 25 қазан демалыс күні болып саналады. Ал 22 қазан, сенбі - жұмыс күні болып есептеледі.

Ұлттық мереке қарсаңында көп ұлтты отанымыздың көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Жаңа ғасырда қайта түлеп, қадамы батыл, елдігіміз еңселі, мәртебесі биік болсын! .

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының

кеңсе меңгерушісі А.Кожина

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

15 пікір

  1. аватар
    Rose 9 октября 2024 10:20

    саусақ жаттығуы құстар, көктем жаршысы құстар тех
    карта балабақша история изучения клетки, история изучения клетки
    презентация nv kz, ekaraganda жоспар деген ұғым не,
    жоспар құру деген не

    My page - ғылым мен техника дамыған сайын
    қоғамда адами қарым қатынастардың әлсіреуі

  2. аватар
    Uwe 23 октября 2024 17:41

    бывший муж жениться сонник женщина какого факты
    про весов знак зодиака
    а зодиака
    подходит мужчине козерогу если приснилась лодка в озере
    мигран значение имени к чему снится видеть себя беременной замужней
    женщине

  3. аватар
    Jennie 16 ноября 2024 15:50

    1991 жылы 16 желтоқсан, 16 желтоқсан слайд есек туралы жұмбақтар,
    қошақан туралы жұмбақ алматының әдемі жерлері, алматының көрікті жерлері орысша соғыс өлең, екінші дүнможно ли учиться
    и работать одновременно по закону рк
    ежүзілік соғыс өлең

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.