Соттағы «Ашық есік күні».
Ақжайық аудандық сотында Қазақстан Республикасы күніне орай «Ашық есік» күні» өткізілді.
Шараға Ақжайық ауданының М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары және ұстаздары қатысты.
Сот төрағасы А. Нургалиев қатысушыларды Қазақстан Республикасы күні ұлт мерекесімен құттықтап, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ советтік социалистік республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы қабылданғанмен Республика күні тек 2001 жылдан 2009 жыл аралығында аталып өткенін, ағымдағы жылдан бастап Президент Қ. Тоқаевтың бастамасымен 25 қазан күніне ұлт мерекесі мәртебесі беріліп аталып өткелі жатқанын, сонымен қатар бұл бастысы егемендігіміздігі және мемлекет екенімізді айқындайтынын айтып жеткізді.
Сонымен қатар төраға сот жұмысының ерекшеліктерін түсіндіріп, аудандық соттың тарихымен таныстырып, сот жүесіндегі реформаларды атап, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын айтып өтті.
Қатысушылар отырыста өз пікірлерін айтып, толғандыратын сұрақтарына жауаптар алды.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.
[xfvalue_img]